Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Арман Сқабылұлы: Тазабековтің әрекеті - таза саясат, уақытша "манёвр"

Қазақстандық журналист, продюсер Арман Сқабылұлы Мұхамеджан Тазабектің әрекетін жай ғана саясатқа балайды. Бұны уақытша манёвр деп атады. Журналист Тазабектің артынан ерген қыз-жігіттердің діни көзқарсы жайлы сөз қозғады. 

"Мұхамеджан Тазабек адасқанын мойындап, пәтуаға келді деп жатыр. Жөн-ақ! Сенуге тырысайық. Тек менің оған қояр бір сауалым бар. Осыдан он жыл бұрын "Хабарда" жап-жақсы жұмыс істеп жүрген, болашағы бар, кілең талантты бір топ шәкіртімнің санасын улап (өзінің миссионерлерінің қолымен) , "зомбиға" айналдырып, жетектеп кетіп еді. Арасында жақын достарым да, алдымды кесіп өтпейтін қарындастарым да бар болатын. Оларды тоқтатуға тырыстық. Әрқайсымен жеке-жеке сөйлесіп те көрдік. Журналист ешқандай ағымда болмау керек дедік. Тазабектердің уағызы біздің ақылымыздан күшті болған болу керек, тыңдамады. Жігіттер теке сақалдарын өсірді, қыздар беттерін бүркеді. Кетті! "Асыл арнаға"!


Белгілі дінтанушы кеше ғана сәлафизмнен бас тартқан Мұхамеджан Тазабековке шарт қойды


Мұхамеджан дәстүрлі дінге қайта оралса, мен айтып отырған жігіттер мен қыздар да адасқандарын түсініп, жаңа жолға түсе ме?

Қайдам! Ол үшін енді олардың миларын ауыстыру керек шығар? Тазабектікі "таза" саясат, уақытша "манёвр" деп ойлаймын. Ал ана балалар қайтпек? Олар да жаздық, жаңылдық дей ме?

"Адасып қайта оралған ұл" осыған жауап берсінші!", - деп жазды Арман Сқабылұлы. 

Журналист Мұхамеджан Тазабековтің діни сенімінің өзгергеніне, түзу жолға түскеніне сенбейді. Мұны уақытша жоспарланған іс деп отыр. Егер шынында көзқарасы өзгерсе, оған сенген, соңынан ергеннің бәрі діни сенімін өзгертуі тиіс деп санайды. 

Айта кетейік, Тазабеков өзі араласып жүрген салафизмнің жат ағым екенін түсініп, Матруди ақидасын мойындағанын мәлім етті. Дегенмен оған сенбестік танытқандар бар. Бұл да бір жат ағымның әдісі деп болжады кейбірі. 

 

Талқылау