Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүрегімде жараның табы бардай": Мейрамбек Бесбаевтың видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Мейрамбек Бесбаевтың видеосы жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мейрамбек

"Фариза" қойылымына арнап танымал әнші Мейрамбек Бесбаев ақынның  өлеңін әсерлі оқып, бейнежазба түсірген. Желідегі парақшасында өзінің жыр шумақтарын сезіммен орындағанын жариялаған әнші ерекше дауыс ырғағымен таңқалдырған. Фариза Оңғарсынованың ішкі сезімдеріне дөп басып, өлеңін оқу арқылы ақынның жан дүниесін көрсете білген Мейрамбек Бесбаев. 


Тағы оқыңыз: Фариза Оңғарсынованың ең үздік 10 өлеңі


Мұны көрген жұрт жарыса пікір жазып, ойларын ортаға салған. Оларға әншінің өлең шумақтарын оқығаны ерекше әсер қалдырған сыңайлы. Желідегілер таңқалыстарын жасыра алмай, өнер иесінің дауысына тәнті болғандарын айтқан. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына 2019 жылдың 5-6-шы қыркүйегінде «Фариза» спектаклін көруге асығыңыз! Бас продюсер және идея авторы: Айнұр Көпбасарова Пьеса авторы: Роза Мұқанова Қоюшы режиссёр: Фархат Молдағали Композитор: Ренат Гайсин Басты рөлдерде: Назгүл Қарабалина Қуандық Қыстықбаев Лейло Бекназар-Ханинга Ерлан Кәрібаев Спектакльді дайындауға қатысқандар: Шара Айдарова, Сандуғаш Әбдиева, Қуаныш Орынбасаров, Жанат Көкімбеков, Владимир Кошевой, Мадина Баймағамбаева, Айжан Құрманғалиева, Шынар Омарова Билеттер https://kassir.kz/ сайтында! @m_besbaev #Әуезовтеатры94маусым #94театрмаусымы

Публикация от Meirambek Besbaev (@m_besbaev)

"Мәке, көптеген өлең шумақтарын оқып, аудио нұсқасын шығарсаңыз жақсы болатын еді", "Керемет, жүрекке жетті. Талант барлық жағынан талант", "Жаным-ау, алтын дауысыңнан айналайын", "Үніңіз тұп-тұнық", "Сөзім жоқ, оқу мәнері ерекше, басымды иемін", "Жүректі елжіретіп жіберді", - дейді жұрт.

 

Талқылау