Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүрегім еліме деген махаббатқа толы": Камала Харрис президент сайлауында жеңіліс тапқанын мойындады

Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер болған Камала Харрис Вашингтонда жақтастарымен кездесуде жеңілгенін мойындады. Ол Дональд Трамппен сөйлескенін растап, оған вице-президент ретінде көмектесуге уәде берді. Сондай-ақ Камала жақтастарын сайлау нәтижесін қабылдауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: beztor.az

Президент сайлауының нәтижесі белгілі болған соң Камала Харрис мәлімдеме жасады. Ол бостандық, мүмкіндік, әділдік және абырой үшін күресуді жалғастыратынын айтты.

Камала Харрис Джо Байденнің 2020 жылғы жеңісін мойындаудан бас тартқан қарсыласынан басты айырмашылығы сайлау нәтижесін қабылдауында екенін көрсетті. Ол өзіне “жоқ” деп дауыс берген америкалықтардың таңдауын құрметтейтінін және оның еркіне бағынатынын жеткізді.

“Демократия – жеңілгеннің жеңіліс тапқаннан кейін кетуі, дауыс беру нәтижелеріне күмән келтірмей, қарсыластың жеңісін мойындауы. Сайлаушыларыңызға деген шынайы құрмет осылайша көрініс табады”, – дейді Камала.

Сондай-ақ ол бостандық үшін күрестің ауыр жұмыс екенін атап өтті.

"Бүгін менің жүрегім сіздердің маған артқан сенімдеріңізге, елімізге деген сүйіспеншілік пен махаббатқа толы. Демократияның негізгі қағидасы – сайлау нәтижесін қабылдау. Бұл демократияның тираниядан айырмашылығы. Біздің бостандығымыз үшін күресу – ауыр жұмыс. Бірақ бұл жақсы іс, біреулер оған жанын салуы мүмкін. Сондай-ақ бұл еңбек әрқашан ақталады", – деді Камала Харрис.

Камаланың жақтастары оның мәлімдемесінен кейін оған қошемет көрсетіп, қолдау білдірді.

Талқылау