Жұмыс істесе де мойымайды: ШҚО-да «әйнек бала» 18-ге толды
Дәрігерлер «жетілмеген остеогенез» диагнозы қойылған адамдардың көп өмір сүрмейтінін айтады. Асқар Жанғазиннің сүйегіәйнек секілді осал. Алайда, жас жігіттің жігері жасыған емес.
60 жастағы Ойрат Жангазин өмірінің көп бөлігін ұлымен бірге өткізген. Кез келген оқыс әрекеттен зардап шегетін отбасы бұл сынаққа төзіп келеді, деп хабарлайды 31 арна.
«18 жасқа дейін баланы үйден қарау үшін жәрдемақы алып жүрдік. Кейіннен оны да тоқтатты», – дейді әкесі Ойрат Жанғазин.
Асқар өмірінде 260 рет жарақаттанған. Сүйектің әлсіздігі сонша, кез келген қозғалыстан сына береді.
«Мен тамақ жегенде жағымды сындырып алып жатамын. Мұндай жағдай екі рет болды. Мен тек тоқаш пен жұмсақ нан, ботқа жеймін», – дейді асқар.
Асқар өзгенің көмегінсіз жүріп-тұра алмайды. Мүгедектікке берілетін 68 мың теңге тек дәріден артылмайды. Сондықтан Асқар өздігінен жұмыс істеуге кіріскен. Ол дизайнерлікті үйреніп, сайт жасап жүр. Күнделікті ғаламторда отырады. Ол жерде жаңа достар тауып сөйлеседі.
«Балам біз жоқ болсақ қалай өмір сүрем деп ойлайды. Шынында, қалай өмір сүреді?», – дейді анасы.
Ата-анасы Асқардың ақылды болып өскенін айтады. Ол 4 жасында жазып, оқып үйренген. Бала кезінде комикстер салған. 18 жылда тағдырдың қатал сынына төтеп беріп, өзгелердің көңілін көтеруді үйренді.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда сауда үйінде бүлдіршін 3-қабаттан құлап кетті (видео)
Путин мен Назарбаев Қазақстанды ғарыш державасына айналдырмақ
Тыр жалаңаш күйі көлікке асылып видеоға түскен қыз абайсызда ажал құшты