Жұмбақ құбылыс: Қазақстан аумағында европалық бет-бейнелі көшпенді халық өмір сүрген
Қазақстан мен Алтай аумағында пайда болған ежелгі өркениет әлемі мыңдаған жылдарға созылып жатқан мәдениетпен қатысы бар жұмбақ құбылыс болуы мүмкін.
Фото: siberiantimes.com
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.
XX ғасырдың ортасында Пазырық қорғандарын қазу кезінде ғалымдар жаңа өркениетті ашты.
Фото: Людмила Баркова
Біздің заманымызға дейінгі 3-6 ғасырларда Қазақстанның шығысында және Оңтүстік Сібір мен Алтайда көшпенді өмірді ұстанған европалық бет-бейнелі ерекше халық өмір сүрген.
Олардың мәдениетінен Жерорта теңізі, Парсы және Қытай елдерінің элементтері де кездескен екен.
Жаңалық мұнымен де бітпейді. Жуырда Эрмитажда томогроф көмегімен екі бірдей пазырық басқарушысының мумиясы зерттелген. Олардың ежелгі Египет заманында мумияланғаны да анықталады. Денедегі көптеген бөліктер алынып, олардың орыны жылқы түгімен толтырылған.
Ғалымдар жаңа технологияларды пайдалана отырып, бұл мумиялардың жұмбағын шешуге ынталы. Зерттеу жұмыстарына радиология, антропология және археология ғылымдары жұмылдырылмақ. Бұл ретте ғалымдар бұл қандай ежелгі халық деген сауалға жауап іздейді.
Сондай-ақ, олар Евразия даласын қай кезде мекендеді, қандай ежелгі өркениеттермен байланысы бар деген сұрақтарға да жауап таппақ.
Оқи отырыңыз:
Егеуқұйрықты тірідей жұтқан қытай жігіті желідегілерді шошытты (видео)
Үндістандағы “балық бала” 8 жылдан бері далаға шықпаған
Ер адам бейтаныс әйелді босандырып сәбиін өзі асырап алды
Порно фильмге түскені үшін жұмыстан қуылған мұғалім әйелдер құқығын қорғап арызданды