Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұма күні кір жууға бола ма?

Жұма күні кір жумау ырымы кей мұсылман елдерінде де кездеседі.

Мысалы, кейбір араб халықтарында жұма күнгі сәске уақыты мен жұманың екінті уақытында кір жуған үйден береке қашып, ырзық-несібесі тарылады деп сенетіндер бар ұқсайды, деп жазады islam.kz.

Сол сияқты, біздің елде де кір жууды жаман ырым ретінде есептейтіндер бар. Алайда, мұндай нанымдар – ешқандай негізі жоқ, ойдан шығарылған ырымдар болып саналады. Керісінше Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұма күні жуынып-шайынуды онымен қоса, үстідегі киімін жуып-тазалауды кеңес еткен. Сахаба Әус ибн Әустен жеткен бір хадисте Алла елшісі былай дейді:

«Кімде-кім жұма күні жуынып және (киімін тазалап) жуып, жұмаға ертерек шықса, (уағыздың не құтбаның) басына үлгеріп, жақын отырып, құлақ салып тыңдаса, оның әр басқан қадамына бір жылдық оразаның және бір жылдық тәһәжжуд намазының сауабы беріледі».

Тағы да оқыңыз:

Қасиетті жұма күні әр мұсылман атқаруы тиіс амалдар

Жұма күнінің сіз білмейтін қасиеттері

Ерлі-зайыптыларды дуамен ажыратуға бола ма?

Талқылау