Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздар көпшілік біле бермейтін қорқыныштары туралы айтып берді

Өздерін жұлдыз санап, халықтан жоғары қоятын әншілердің де тек өздеріне ғана мәлім ішкі үрейі болады екен. Мәселен, алты ай бойы үлкен сахналарға шықпаған әнші Ернар Айдардың басты қорқынышы жақын адамдарынан айырылып қалу екен.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Қанша дегенмен пендесің ғой. Жаныңа жақын адамдар мен де енді екі жағдай болды ғой. Ата анамыз, ағайын туыс, әріптестер сондай жақын адамдардан айырылып қалудан қорқасың», – дейді әнші Ернар Айдар.

«Әніміз халықтың көңілінен шықпай қала ма деп қорқамыз», – дейді әнші Мәдина Сәдуақасова.

Әншілердің тағы бір үлкен үрейі бар.

«Өзім сүрелерді оқып отырған кезде, Алла тағаладан сұраймын. Менің дауысымды қарлықтыра көрме, өзің берген дауысыңа қаяу түсіре көрме деп», – дейді ҚР Еңбек сіңірген артисі Майра Ілиясова.

Ал, Меруерт Түсіпбаева өнер тарихында қалатынына сенімді. Себебі, қазақ эстрадасында ең алғаш болып бейнебаян түсірген дәл осы әнші көрінеді. Сондықтан да ізсіз қалудан еш қорықпаймын дейді.

«Өнерде ізсіз қалудан қорықпаймын», – дейді әнші Меруерт  Түсіпбаева.

Ал, «Қорқыт Қобыз» деген әнімен танылған Гүлнұр Оразымбетова сол бір әні арқылы тарихта қалатынына барынша сенеді.

«Танымал болғаннан кейін сол деңгейде бәрі бір 20, 30 жылдан кейін эстрададан мүлдем жоғалып кетсең де бәрі бір қазақтың өнер архивында қаласың», – дейді әнші Гүлнұр Оразымбетова.

Ал, миллиардтарды табындырған Димаштың тарихта қалатыны сөзсіз. Бүгінде Қытайдың Шанхай қаласында тұрып жатқан әнші «Д-Династи» атты әлемдік турнеге аттанбақ. Әнші өзінің инстаграм парақшасында бұл жайында ұзақ күткенін, көп жылдар армандағанын жазған.

Оқи отырыңыз:

Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы-2017» байқауының финалына жолдама алды (фото)

Әнші Алтынай Жорабаева екінші рет күйеуге шықпайтын болды

Димаш Құдайберген Голливудта жүлделі орынға ие болды

Абай Бегей: Ұзатылған қызыма енді көп хабарласа бермей күйеуіңе, ата-енеңе қара дедім

Талқылау