Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздар Instagram-дағы жарнама үшін қанша сұрайды?

Бүгінде Instagram танымал тұлғалардың екінші табыс көзіне айналған. Әртіс атаулы әлеуметтік желі арқылы тегін киініп, демалыс орындарында тегін демалып, ақысын төлеместен түрлі мейрамханаларда тамақтанып жүр. Ал кейбірі біреудің кәсібін жарнамалау арқылы қалтасын қалыңдатуда.

аша и айдана 210417

Жұлдыздар желідегі жарнамадан қанша пайда табады? Бұл сұраққа әртістер 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Аша Матай:

Әлеуметтік желі жарнаманың жақсы алаңы болып кетті. Көп нәрсені жарнамалауға ұсыныстар келеді. Оның ішінде косметика, киімдер, жиһаздар, әртүрлі заттар бар. Бірақ мен жарнама үшін ақша алмаймын. Себебі оған бір жұмыс деп қарамаймын. Оңайлықпен келетін ақша ғой. Бұндайларды түсінбеймін. Дегенмен маған сыйға берілген нәрселерді тексеріп барып жарнамалаймын.

Айдана Меденова:

Дәрі-дәрмектен бастап, туристік агенттіктерге дейін ұсыныс түседі. Барлығын сүзгіден өткіземін. Тексермей ештеңені жарнамаламаймын. Өзіме ұнайтын заттар болса қуана-қуана…

Көбісі неге сұлулық салоныңызды жиі жарнамалайсыз деп айтып жатады. Өзіме жасамағанда кімге жасаймын жарнаманы? Өз қыздарымды, шеберлерімді адамдар танысын, көрсін деймін. Өйткені адамдар көрмесе білмейді ғой. Көп клиенттер: «Осындай бола алады екенмін ғой», – деп келеді. Соған қарап біз де қуанамыз.

Айнұр Тұрсынбаева:

Ұнамайтын жағдайлар жиі болады. Қажеті жоқ кезде үйге алып келіп тастайды. Алғаннан кейін ұялғаныңнан саласың. Ондай кезде мен мақтамаймын. Тек бергеніңіз үшін рахмет деп салып беремін. Ал кей кезде 2000 теңгенің түкке тұрмайтын заты болуы мүмкін, бірақ оны адам әкелген кезде шын ниетімен беретін болса, берген адамның тірлігі, жұмысы жүріп кетсін деп шын ниеттес боласың, ондай кезде барынша мақтап беремін. Мен тек өзіме ұнаған нәрсені саламын.

Салтанат Бақаева:

Көбінесе киім ғой. Әнші болғандықтан шығар, сәнді көйлектер, әсіресе, сахнаға арналған көйлектерден ұсыныс түсіп жатады. Оған бизнес ретінде қарамаймын. Біреулер содан ақша тауып жүр ғой. Менікі олай емес. Кейде достарым да сұрайды жарнама істей салшы деп. Маған ұнаса, көңілімнен шығып жатса, неге жарнамаласқа?

Есте болса, бұған дейін Ерке Есмахан, Мөлдір Әуелбекова, Айқын сынды әншілер жарнамадан және одан түсетін пайдадан бас тартпайтынын айтқан еді. Мәселен, Instagram-ды екінші табыс көзіне айналдырған Ерке ең көбі 3 миллион теңгеге дейін табыс тапқанын мойындаған. Ал Мөлдір Әуелбекова көбінесе киім-кешекті қуана қабылдайды, тек олардың арасынан да таңдау жасайды.

Айқын Төлепберген 100 мың теңгеге жарнама жасауға дайын тұрса, Баян Есентаеваның қолынан өз тауарын көргісі келетін кәсіпкер 300 мың теңге дайындауы тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” басылымды сотқа берді

Баян Мақсатқызы: Жасаған ісіме ұялмаймын да, өкінбеймін де

Әлемдік басылымда Димаш туралы мақала жарық көрді

Меруерт Түсіпбаева су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік қызға көмектеспек

Талқылау