Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздар алғашқы махаббаттарын еске алды

Көп қыздың арманы болып жүрген жігіт қауымы өзінің алғашқы махаббаттарын еске түсіріп, кездесулерінің қалай өткенін “Ревю” бағдарламасында айтып берді.

2013-07-04-1_p

Махаббат – кинода ғана көрсетілетін оқиғалар емес. Ол бір ғана романтикалық кездесуден немесе ай астындағы сүйістен тұрмайды. Шыдамдылық пен сыйластықтың нәтижесінде ғана пайда болады. Мұны жұлдыздар да түсінген-ді. Қазір басы бос болып, көп қыздың арманына айналса да, олар бір кездері шексіз сүйген жандар бар.

Әли Оқапов жан досы екеуі бір қызға ғашық болған. Қызды сүйгендері соншалық, кездесуді үшеу болып өткізуге келіскен.

image

Әнші Оқапов “Бұл оқиға бесінші сыныпта болған. Мен өзімнің Еңілік Қасымбекова атты скрипкашы сыныптасыма ғашық болдым. Дәлірек айтқанда, жан досым екеуіміз ғашық болдық. Ол да менің сыныптасым еді. Біз үшеу болып кездесуге де, киноға да бардық. Менің үйіме келіп шәй ішетін күндер де болған”, – деп алғашқы махаббатын еске алды.

Әли Оқапов сүйіктісін жан досымен бөлісуге келіссе, актер Жандос Айбасов сүйген қызының соңынан жүгіремін деп күлкіге қалған.

“Менің сасқалақтап соңынан жүгіріп кеттім. Ол мінген автобусқа бірге міндім. Сол жерде тұрып қатты терледім. Біз сөйлестік, бірақ бір шетінен осы оқиға өте күлкілі көрінеді. Ол маған көп уақыт бойы күле қараған еді”, – дейді актер Айбасов.

iDanpVMCFeg

Бұл жігіттердің тәтті естеліктері болса, “Mysterions” тобының солисі Дильян қызбен кездесуде мүлдем жолы болмайтынын жеткізді.

“Шынымды айтсам, кездесулерімнің сәтті өткені есімде жоқ. Бар болса, бүгінгі жабық көрсетілімге қызбен келетін едім. Осыдан-ақ сәтсіз кездесулерімнің көп екенін байқай берсеңіздер болады”, – деп әнші Дильян әзірге отбасын құруға асықпайтынын жеткізді.

Бұл сүрбойдақтардан Нұрлан Абдуллиннің жағдайы өзгеше. Ол өзінен әлдеқайда үлкен адамға ғашық болған. Ғашығы мектептегі ұстазы болып шықты. Оны көрген кезде тілі байланып, сөйлей алмайтын көрінеді.

“Өзім ғашық болған ұстаздың сабағы мен үшін романтикалық кездесумен тең болатын. Мен оның пәнін жақсы меңгерсем де, сезімге “мас болып” сөйлей алмайтынмын”, – деп әнші Нұрлан Абдуллин алғашқы махаббатын еске алды.

2

Сәтсіз кездесулер Дильян мырзада ғана емес актриса Айнұр Ілиясовада да болған екен. Романтикалық кездесуі басталмай жатып аяқталатын көрінеді.

“Біз кездесу ұйымдастырдық. Мен жағалауға келіп, оны сыртынан көрдім. Артынша ұнамай қалып, телефонмен сөйлескендей түр жасап жанынан өте шықтым”, – дейді бойжеткен. Ал Қарақат Әбілдина өзінің алғашқы махаббаты Қыдырәлі мырза екенін айтады. Бірақ бірден ғашық болмай, бастапқыда үш жыл аға-қарындас болып араласып жүрген екен.

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін әнші Әли Оқаповқа қандай қыздар ұнайтындығы туралы жазған болатынбыз.

Талқылау