Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз ауруы: Психикалық дертке шалдыққан 12 танымал тұлға (фото)

Біз ақпарат ғасырынды өмір сүріп жатқандықтан, ақпараттық даулар адамның психикасына әсер етпей қоймайды. Әсіресе, жұлдыздар өмірі ел аузында жүргендіктен олар жайлы небір әңгімелер айтылып жатады. Осы орайда психикалық ауытқушылықтарды жеңе білген және әлі де күресіп жүрген жұлыздар жайлы сөз етпекпіз.

kinopoisk888899

Кэтрин Зета-Джонс: биполяр ауытқушылықтың 2-түрі

Дәрігерлер 2012 жылдың сәуір айында Кэтрин Зета-Джонстың маникалды күйзеліс биполярное ауытқушылықтың 2-түрімен ауыратынын анықтады. Ол кезде күйеуі Майкл Дуглас қатерлі дертпен ауырғандықтан Зета-Джонс өз ауруына көңіл бөлмейді.

«Мен баршаға жар сала айқайлап айтатын адамдар қатарынан емеспін. Бірақ өзімнің биполярное ауытқушылықпен ауыратынымды айта отырып, мұнымен күресуге болатынын, жеңуге болатынын көрсеткім келеді», – дейді ол бір сұхбатында.

kinopoisk66666

Брук Шилдс: Босануан кейінгі күйзеліс

Кейбір танымал адамдар, соның ішінде актриса әрі модель Брук Шилдс өз тәжірибесін бөліскен. Ол 2003 жылы бала босанған соң күйзеліске түсіп, ол ұзақ жылдарға жалғасқан. Ол босанған соңғы күйзелісте адам өзін өлтіруге дейін баратынын айтты. Алайда, өзі дер кезінде кәсіби мамандардың кеңесіне құлақ түріп, дәрілер қабылдап, дұрыс өмірге қайта оралды.

kinopoisk55546454554

Элтон Джон: есірткіге тәуелділік

Британдық әнші, композитор әрі пионист Элтон Джон өзінің есірткіге тәуелділігімен біраз уақыт күрескенін айтты.

Джон өзінің сау әрі таза кезін өмірдегі ең жақсы күндері санайды. Ол осындай жолға түскендерге дер кезінде өзіне көмек керек екенін айтуы керегін ескертті.

205F40788C902D4221B56

Анджелина Джоли: күйзеліс

Анджелина Джоли ел алдында жақсы жағынан көзге түсіп жүргенімен, оның 2017 жылы анасы Маршелин Бертран көз жұмған соң күйзеліске түскенін ешкім біле бермейді. Ол сол кезде сәл де болса өзін алдандыру үшін «Ерекше қауіпті» фильміне түсті.

2013 жылы Анджелина қатерлі дертке шалдыққандықтан сүт безін алып тастады, бір жылдан соң жатыр түтігін алып тастауға мәжбүр болды. Жұбайы Брэд Питпен ажырасқан соң актриса денсаулығы жайлы ешқандай сұхбат бермеді.

kinopoisk2323323

Джоан Роулинг: күйзеліс

«Гарри Поттер» – Джоан Роулингтің қазіргі заман әдебиетінің ең танымал кітабы. Кітап автордың күйзеліске түскен жылдары жазылған. Бұл кездері автор жұбайы Хорхе Арантеспен ажырасып, баласымен жұмыссыз үйде отырып қалады. Ол басынан өткерген сол жылдарды ешкімге тілемейтінін айтады. Өзі күйзеліске түсудің – үлкен табысқа жету алдындағы саты деп біледі.

kinopoisk66778800

Деми Ловато: булимия

Мен қауіптерге бірнеше жылдар бойы төзіп келдім. Бірақ маған ең ауыр тиетіні елдің «Сен толықсың» дейтін сөзі еді. Деми 11 жасында өзіне қол жұмсап, тамырын кеспек болған. Осыдан соң мамандардың көмегіне жүгініп, дұрыс тамақтанатын болды. Алайда, өзі осы мәселемен әлі күресіп келе жатқанын жасырмайды.

kinopoisk0987777

Джим Керри: күйзеліс

Джим Керридің комедия жанрындағы ең кремет актер екенін бәрі біледі. Алайда көпшілік оның күйзеліске түсіп, дәрігерге жүгінуге мәжбүр болғанын біле бермейді.

Бұған оның жеткіншек кезіндегі өмірі себеп болған болуы мүмкін. Ол 15 жасында мектепті тастап, отбасын асырау үшін жұмыс істеуге мәжбүр болады. Сондықтан өз жасындағы балалармен сөйлеспей, үлкендермен араласып өседі. Мұнысы оның болашақта актер болуына себепші болған.

kinopoisk37854

Аманда Байнс: биполярлы ауытқушылық

Аманда Байнс психикалық емханаға жатқызылғаннан кейін: «Маған диополярлы ауытқушылық пен маникалды күйзеліс деген дигноз қойды. Қазір ем қабылдап, апта сайын психологпен әңімелесем. Сонықтан менде бәрі жақсы» деген болатын.

Ол желіде әкесінің өзіне зорлық көрсеткенін айтқан. Кейіннен сөзінен бас тартты. 2016 жылы денсаулығы жақсарып, көпшілік алдына шыға бастады.

kinopoisk9999-009

Оуэн Уилсон: күйзеліс

Тағы бір комедия жанрының актеры да күйзелісті бастан кешті. Оуэн Уилсон есірткіге тәуелді болды. Бұл жайлы актер 2007 жылыы 26 тамызда өзіне қол салмақ болған соң белгілі болды. Кейін актер ем қабылдауға елден мүмкіндік сұрап, дертінен айығуына достары мен жақындары көмектескенін айтты.

Paris-Jackson-2016-1666

Пэрис Джексон: жарақатты дерт

Майкла Джексонның қызы Пэрис Джексон өмір бойы күйзеліспен күрескенін ашық айтты. Бала кезінен тұйық болып өскен. Оны 14 жасында зорлап кеткен. Ол зорлаушының өзіне үлкен және бейтаныс жан болғанын ғана айтты. Пэрис өзіне бірнеше рет қол салмақ та болды.

Алайда, терапиялық мектепке барып, сол жерде жақсара бастады. Қазір дәрі-дәрмек қабылдамайтынын айтты. Дәл осындай жағдайлар қазақстандық жұлдыздардың да басында кездеседі. Олар анаша тартып кетпесе де, көпшілігі жұлдыз ауруын бастарынан өткергендерін айтып жатыр. Мұнымен қатар, созылмалы күйзеліске шалдыққандар да бар. Мысалы, Әсел Сәдуақасова.

image-80

Фото: pandaland.kz

Әсел Сәдуақасова: күйзеліс

2014 жылы әнші әрі актриса Сәдуақасова жайсыз жағдайға тап болды. Жалаңаштанған суреттері  WhatsApp желісі арқылы таратылған. Жұрт әлгі қыздың Әсел Сәдуақасоваға қатты ұқсайтынын айтып шулаған. Бұдан кейін бұл кадрлар барлық отандық арнадан көрсетіліп, әнші ұятты жағдайға қалады. Десе де, Әсел мұны жоққа шығарады. Бұдан өзге әншіні сүйіктісі алдап ақшасы мен пәтерін алып қойған болатын. Осы жағымсыз оқиғадан кейін әнші біраз уақыт күйзелісті болғанын сұхбаттарының бірінде айтқан болатын. Ол тіпті осы уақыт ішінде психология мамандығы бойынша білім алған екен.

15876032_246954442409008_6155653016750915584_n

Тұрсынбек Қабатов: ятрофобия (дәрігерлерден қорқу)

Бірнеше ай бұрын әзілқойдың келіншегі Мөлдір Мұқанова “Ұят емес” бағдарламасында қонақта болды. Ол аталған бағдарлама барысында Тұрсынбектің жұрт білмейтін қырын ашты. Бұған желі қолданушысының “Тұрсынбек көзін үлкейту үшін пластикалық ота жасатқан ба?” деген сөздері себеп болды. “Тұрсынбектің алдыңғы тісінің ортасы ашық. Үнемі тіс дәрігеріне барып, соны жасатып ал деп отырамын. Ол дәрігерге бармайды. Себебі, инеден қатты қорқады. Ал дәрігерден қорқатын адам көзіне пластикалық ота жасатпайды деп ойлаймын” деген-ді Мөлдір ханым.

Жіберіп алмаңыз:

Тілшілер мен әншілердің ұрысы: жұлдыз ауруына ұшырағандар кімдер?

Қазақ сахнасындағы шаңырағы шайқалған жұлдыздар

Соттасқан қазақстандық жұлдыздар

Талқылау