Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова: Бұрын Қайратты айына 1-2 рет көретінмін

10 жыл бойы ел көзінен тасада болған Жұлдыз Әбдікәрімованың бүгінде өмірі түбегейлі өзгерген. Бұрын бала-шағаның қамын күйттеп, отбасы ошақ қасынан алыстамаған Жұлдыз бұл күндері нағыз “жұлдызға” айналған. Киноға түскен соң, ол күйеуі Қайрат Нұртаспен бірге гастрөлге шыға бастады, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Осы уақыт аралығында өмірінде орын алған өзгерістер жайлы айтып, Әбдікәрімова желіде оқырмандарына сыр шертті.

“Қалайсыздар? Мен үй шаруасынан, бала-шағаның тірлігінен, күйеуімнің тірлігінен, Астанамның ауа-райынан шашылып қалдым, инстаграмм әлемі жайында қалды. Астанамызда етіміз үйренген аяз жоқ. “Человек к хорошему быстро привыкает” – деген рас екен. Бір ай көлемінде тыныштыққа, тынығып, жігітімнің қасында жүргенге, күнде ғой еще (осы уақытқа дейін айына 1-2 рет көретінмін) есім шығып, кайф ұстап үйренісіп қалыппын. Соның өзі бізге бір жақсы көңіл күй, жаңа серпіліс пен жігер әкелді десем болады”, – деп бөлісті Жұлдыз.

Желідегілер жан-жарын анда-санда көрсе де мойымай, келіндік міндетін адал атқарған Жұлдыздың сабырлығына қайран қалды.

“Мықты екенсің”, “Сендей сабырлы адамды естімеппін де, көрмеппін де”, “Не деген төзімділік, жарайсың”, – деп таңғалысты желідегілер.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қайнар Алагөзов Төреғалиді сынағандарға өлеңмен жауап берді

Дана Нұржігіт кезінде Төреғалиді таныту үшін жұмыс істегеніне өкінетінін айтты

Баян Алагөзова 16 жастағы қызына жыныстық тәрбие бергені үшін сын астында қалды

Қарияны залдан қуғаннан кейін басы дауға қалған Төреғалиге әнші Бүркіт араша түсті

Талқылау