Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова: Әр адамның айтқан сөзін көңілге алсаң, түбінде ауру боласың

Жұлдыз Әбдікәрімоваға қарап, оны төрт бірдей баланың анасы деп айту қиын. Көптеген қыз-келіншектер Қайрат Нұртастың жұбайына қызыға да, қызғана да қарайтыны рас. Сондықтан да “өзіңізді қалай күтесіз?” деген сауал Жұлдызға жиі жолданады.

Әбдікәрімова аталған сұраққа 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Қартаю, беттің бұзылуы, тіпті аурудың барлығы ішкі жан дүниеге байланысты. Егер де көңіл-күйің түсіп, әр адамның айтқан сөзін көңілге ала берсең, ауру боласың. Бетке әжім түсіретін дүниелер осы. Мен қанық ұйықтауға тырысамын. Ешқандай диетада отырмаймын. Елдің бәрі арнайы диетада отырып, дәрі ішіп, азып жүр деп ойлайтын шығар. Жоқ, ондай емес. Дұрыс тамақтану режімін ұстанамын.

Аз-аздан тамақ ішемін, күнделікті суды көп ішемін, ұйқым қанық, әрбір адамның айтқан сөзін көңіліме алмаймын. Құлағымның ұшынан өткізіп жіберуге тырысамын. Себебі ол маған керек емес дүние. Іліп алатын сын болса, оған құлақ асамын, ойланамын. Ал бірақ алып-қашпа әңгімелер көп болады ғой, мен оларды тыңдамауға тырысамын”, – дейді Жұлдыз.

Жіберіп алмаңыз: 

Таза еңбекпен келген: Арман мен Ашаның бейнебаяны 10 миллион қаралым жинады

Заттыбек Көпбосынұлы көкпар бергені үшін жерден алып, жерге салғандарға жауап берді

Қазақстандық әнші өзінің тегін “дөрекі” деп санап, оны ауыстырғанын мәлімдеді

Аишаны тани алмайсың: Бүркіт жұбайының бояусыз түрін көрсетті (видео)

Талқылау