Жүлде қоры 60 миллион теңге: Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты аяқталды

Астанада қаласына 20 ақпан мен 1 наурыз аралығында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байрақты бәсекеде U-17 мен U-20 арасындағы балуандар өзара кіл мықты мен кім мықтыны анықтады.
Он күнге созылған дүбірлі додада еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам жас спортшы қатысты.
Грек-рим күресінен U17 санатында жалпыкомандалық есепте Алматы облысы 130 ұпаймен көш бастады.
Абай облысы 105 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, Шымкент қаласы 93 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
U20 санатында да Алматы облысының балуандары 131 ұпаймен бірінші орыннан көрінді. Шымкент қаласы 115 ұпаймен екінші, Ақтөбе облысы 104 ұпаймен үшінші орынға ие болды.
Әйелдер күресінде U17 санатында Алматы қаласының құрамасы 137 ұпаймен алға шықты.
Түркістан облысы 108 ұпаймен екінші, Жетісу облысы 94 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
U20 санатында Алматы қаласының спортшылары 177 ұпаймен топ бастады.
Түркістан облысы 144 ұпаймен екінші, Алматы облысы 113 ұпаймен үшінші сатыға көтерілді.
Ал еркін күрестен U17 санатында Шымкент қаласы 128 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.
Абай облысы 119 ұпаймен екінші болса, Алматы қаласы 118 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Ал U20 санатында Алматы қаласы 177 ұпаймен көш бастаса, Түркістан 130, ал Алматы облысы 108 ұпайға қол жеткізді.
Биылғы біріншіліктің ерекшелігі жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғаш рет қомақты ақшалай сыйақы тағайындалды. Айтулы жарыстың жалпы жүлде қоры 60 миллион теңгені құрады.
Бұл отандық күрес тарихындағы ең қомақты қаржылай сыйақылардың бірі.
Нақтылай кетсек, 17 жасқа дейінгі балуандар сыйақысы жеңімпаздар үшін 300 000 теңге алса, күміс жүлде иесіне 200 мың теңге, ал қола медальға 100 мың теңгеден берілді.
Сонымен бірге, 20 жасқа дейінгі балуандарға да сыйақы табысталады. Оның ішінде 1-орын иесіне 500 мың, екінші орынға 300 мың, ал қола жүлдегерлер 150 теңгеге көлемінде сыйақыны қанжығасына байлады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді