Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүктілігі жайлы білмеген әйел жұмыс орнындағы дәретханада ұл баланы дүниеге әкелді

Жүктілігін білмеген әйел жұмыс орнындағы дәретханада босандыФото: Sarah La Croix / Shutterstock / Fotodom

АҚШ-тағы FedEx пошта орталығының қызметкері өзінің жүкті екенін білмей, дәретхана еденінде ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WION-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Аметист Блумберг түнгі ауысымын аяқтап жатқан кезде дәретханаға бару қажеттігін сезген. Ол дәретханаға кіргенімен, унитазға отырған соң орнынан тұра алмай қалған. Әйел аяқтарының арасынан нәрестенің басын сезіп, есікті ашып, көмекке шақыра алған.

Оқиға орнына келген өртсөндірушілер әйелді босандырып алған. Әйел Оникс Кинг Истерли есімді, салмағы шамамен үш келі болатын ұл бала таңғы 08:33-те, құтқарушылар келгеннен небәрі төрт минут өткен соң дүниеге әкелген.

Блумбергтің айтуынша, жүктілікке тән ешқандай белгілер болмаған, тіпті кейінгі тоғыз айда салмақ тастаған. Бәрін толғақ басталған сәтте ғана түсінген.

“Мен сезген жалғыз нәрсе – күшенген кездегі белімнің ауырғаны. Ал ол төмен түскен кезде, оның қозғалғанын сездім”, – деді ол.

Бұл Блумбергтің екінші баласы. Ал жаңа туған сәбиді әзілдеп “FedEx-тен туған бала” деп атап жүр.

Айта кетейік, бұған дейін жүктілігін білмеген 21 жастағы әйел толғақты соқырішек деп ойлағаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 22:56