"Жүкті кезімде үшінші әйел алды": Омар Жәлелдің екінші әйелі абайтанушымен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты
Фото: Видеодан скриншот
Атышулы абайтанушы, психолог Омар Жәлелдің екінші әйелі Ләззат Мырзаш Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бұрынғы күйеуімен арасындағы мәселелерді ашып айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Омар Жәлел жалпы саны төрт рет үйленген, бірінші некесінен екі ұлы бар. Ләззат Мырзашпен 2019 жылы бас қосқан.
Ләззаттың айтуынша, Түркияда оқып жүрген жерінен Астанаға көшіріп әкеліп, әуежайдан бірінші әйелі Меңдігүлмен бірге күтіп алған. Танысқанда бірінші жұбайы “ұл туғанға күн туады, бала таппай жатып ағайын-туғандарыңа айтпайсың, әке-шешеңнің алдына бармаймыз” деп шарт қойған.
“Мені бір суррогат ана көргендей қылып сөйледі. “Бірінші бала табасың, әрі қарай көреміз” деді. Бірақ Омармен сөз байласқанда “елге келген соң әке-шешеңнің алдына барамыз” деп басқаша сөйлеген еді. Кез келген екінші әйел болып тиген адамнан барлық туған-туысы, досы теріс айналады. Сондықтан мен бұлай болмайтынын айтып, қарсы шықтым. Шартқа келіспегендіктен “сен маған алғашқы күннен қарсы келдің” деп бетіне басатын”, – деді ол.
Омар Жәлел жүкті келіншегін алмастырған массажист әйелдің кім екенін айтты
“Тоқал алып оңған адамды көрмедім. Соның бірі - менмін”: Омар Жәлел қателескенін мойындады
Мырзаш бірінші перзентіне 6 ай жүктілігі кезінде Омар Жәлелдің бірінші әйелі оның үшінші әйел алғанын жеткізген. Ал 2019 жылы қыркүйекте тұңғышы Елбілге дүниеге келген.
“Бірінші әйелімен қарым-қатынасымыз басынан-ақ жақсы болған жоқ. Үшінші әйелін Ақтаудан көшіріп әкелгеннен кейін бірінші әйелі маған “қайдан келдің сонда кет” деп айтты. Мен Омардың үйленгенін бір-екі айдан кейін бір-ақ естідім. Сөйтсем оны ұлының тойына апарып, туғандарымен таныстырған екен. Ал мені ешкіммен таныстырған жоқ. Үшеуі бірге келіп “Ыстамбұлға кет” деді”, – деді ол.
Ол Ыстамбұлға кетіп, оқуын жалғастырған. Кейінірек Омар Жәлел артынан барып, кешірім сұраған.
“Елбілгенің төрт айлығында келіп кешірім сұрады. Мен кеткеннен кейін үшінші алған әйелімен де ажырасқан екен, сөйтіп маған “Енді сендерді тастамаймын, бәйбіше екеуіңнің орталарыңда жүремін. Басқа әйел алмаймын” деп уәде берді. Біз үлкенді сыйлайтын адамдармыз ғой, кешірдім, ары қарай отбасы болып өмірімізді жалғастырдық. Сөйтіп екінші сәбиіміз дүниеге келді”, – деді ол.
Ләззат Мырзаштың сөзінше, Омар Жәлел уәдесіне қарамастан, төртінші әйел алған. Бұл қылығының себебін “Балалар аяққа тұрғанша қартайып қаламын, кейін мысық та бір жерін көрсетпейді” деп түсіндірген.
“Адамның тағдырымен ойнауға болмайды. Белінен шыққан үш ұрпағы, менімен қосқанда төрт адамның тағдыры тұр бұл жерде”, – деп көзіне жас алды ол.
Сондай-ақ абайтанушы екінші әйелімен ажырасарда балаларымен байланысын үзбеуге уәде берген көрінеді. Алайда экс-жары оның балаларымен хабарға шықпағанына бір жылдан асқанын айтты.
“Екеуміз ажырасып, үйден кетер кезінде “бәрі жақсы болады, балаларға бас-көз боламын, қызымды өзім мектепке апарамын. Күнде кешке балаларыма домбырамен ән айтып беремін” деген еді. Мен сендім. Алайда міне бір жыл болды, ол кісі жоқ. Мені барлық жерден бұғаттап тастаған, балаларына да хабарласпайды. Ұлымызды сүндетке отырғызамыз, қаражат тауып келемін деген еді, ол да жоқ.
Айта кетейік, Омар Жәлелдің Ләззат Мырзаштан туған үш перзенті бар.
Еске салайық, бұған дейін Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуімен не үшін ажырасқанына қатысты шындығын айтқаны хабарланған еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты