Жұбаныш Жексен алғаш рет жұбайы туралы айтып берді
Әнші Жұбаныш Жексен жұбайының есімін ең алғаш 8-сыныпта оқып жүрген кезінде естіген. Әнші әкесімен бірге жастар слетына қатысу үшін Мәскеуге аттанған. Ал әкесі жолай өзіне жолсерік болған кісілермен танысып, олармен әңгімесі жарасқан. Тіпті, бір кісімен болашақта құда боламыз деп әзілдессе керек-ті. Тағдырдың жазғаны шығар, араға екі жыл салып, Жұбаныш дәл сол кісінің қызымен бір оқу орнына түсіп, оны ұнатып қалады.
Бұл туралы Гәкку арнасының “Love Story” бағдарламасында айтылды.
“Мен ол кезде 8-сыныпты бітіріп, Мәскеудегі бүкіләлемдік жастар слетына қатыстым. Сонда әкем екеуміз Шымкент қаласында қонақ үйде бір түн түнеп шықтық. Әкем бір кісілермен танысып, Мәскеуге жол тартқанымызды айтқан. Кейін сол кісілердің көзінше маған ән айтқызды. Енді ол кезде баламыз. Солардың ішіндегі бір кісі “Жәке, менің қызым, сенің ұлың бар. Құда болайық” депті. Дастархан басындағы әзіл-шыны аралас әңгіме. Арада біраз жыл өтіп 1991 жылы Алматыға келіп оқуға түсе алмай, Жетісай қаласына барып оқыдым”, – деп бастады әңгімесін Жұбаныш Жексенұлы.
Сөйтіп 1991 жылы Жұбаныш та, оның болашақ жары Дина да Жетісай қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы колледжге оқуға түскен. Танысып артынша табысқан жастар үш жыл бойы қыз бен жігіт болып кездесіп жүреді. Кейін шаңырақ көтеріп, балалы болады.
“Сол қызбен жүріп жатқаныма 26 жыл болды. Ақырында 1989 жылы құда болайық деген кісінің қызы болып шықты”, – деп түсіндірді әнші.
Бүгінде Жұбаныш Динаның ақылдылығын, музыкалық талғамын жоғары бағалайды.
“Ұнамайтын кездері де болады. Адам деген қаншама жыл бірге жүрген соң бір-бірінен шаршайтын кездері болады. Көп жыл бірге тұрған адамдар ақыр соңында бір-біріне ұқсап кетеді. Мінездері, кейде, тіпті бет әлпеттері ұқсап кететін сияқты болады. Жұғады бір-біріне. Менің ашуланшақығым Динаға да жұққан ұқсайды”, – дейді Жұбаныш.
Ал Динаға Жұбаныштың балажандығы, отбасына көп көңіл бөлуі ұнайды екен.
“Жақсы қасиеті – отбасына, балаларына көп көңіл бөлуі. Жас кезде гастроль, концерт деді, өнеріне көп көңіл бөлді, қазір отбасына көп көңіл бөледі. Ашуы жаман, қатал. Қатал болғанымен, жүрегі өте жұмсақ. Тез ашуланады, бірақ ашуы тез тарқайды”, – деп ағынан жарылды әншінің жары.
Жіберіп алмаңыз:
RinGo әншісі өзінің 3 жасар ұлына ыдыс жуғызып қойды (видео)
Ерке Есмахан халыққа өкпелеп қалды
Асхат Тарғын екінші рет үйленетін болды
Орыс тілін құрметтейтінін айтқан Нұртас Адамбай халыққа қазақ тілінде үндеу жолдады (видео)