"Жуан таяқпен жыныс мүшесіне зақым келтірген": Алматыда екі әйелден зәбір көрген 16 жастағы қыздың анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді
Фото: depositphotos.com
Алматы облысында Алматы облысында 29 жастағы екі әйел ұрлап әкетіп, зәбір көрсеткен 16 жастағы қыздың анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жасөсіпірімнің анасы Sputnik басылымына берген сұхбатында қызының Шелек ауылында нағашы атасы мен апасының қолында тұратынын айтты. Оқиға осы ауылда болған.
"Қызыма әлеуметтік желіден бір ер адам жазады. Танымайды, ешбір артық әңгіме айтылмаған. Артынша WhatsApp желісіне бір әйел жазып, қызыма қоқан-лоқы көрсетеді. Айтуынша, менің қызым оның жігітін тартып алыпты. Бірақ қызым ол ер адамды бұғаттап тастағанын айтып, дәлелін де көрсеткен", – дейді қыздың анасы Индира.
16 тамызда екі әйел жасөспірімнің үйіне келіп, бетпе-бет сөйлеспек болған. Олар қызды алдап көлікке мінгізіп, ауылдан жыраққа кеткен. Әйелдердің бірі 30, екіншісі 29 жаста екені анықталды.
"Қызымды ұрып-соғып, намысына тиетін сөздер айтқан. Онымен қоймай қолын темекімен күйдірген. Екі әйел өздерінің барлық әрекетін видеоға түсіріп отырған. Содан кейін Шелек ауылынан Масақ ауылына қарай апарады. Ауылдан шамамен 15 минуттық жердегі өзенге апарып, тыр жалаңаш шешіндіріп, ұрып-соғып, мұздай суық өзенге отырғызып қояған. Сол жерде бірнеше рет суға тұншықтырған", – дейді қыздың анасы.
Жасөспірімнің анасы қызына қорлық көрсетілген видеоны өз көзімен көріп, есінен танып қала жаздағанын айтады.
"Жолдан дүкеннен шетка алып, сол шеткамен қызымды зорламақ болған. Судан есеңгіретіп шығарып алып, жуан таяқпен қызымның жыныс мүшесіне зақым келтірген. Ол әйелдер бұл әрекеттерінің бәрін бейнекамераға түсіріп, аса бір ләззатпен рахаттанып істеген. Ол видеоларды мен өз көзіммен көрдім. Жүрегім ұстап, талып қала жаздадым. Адам баласы осыншама айуандыққа барады деп еш ойламаппын", – дейді жасөспірімнің анасы.
Қыздың анасының айтуынша, күдіктілер күйеуге тиемін деген жігітімнен айырдың деп, 3 млн теңге несиесін 16 жастағы қызға төлетпек те болған көрінеді. Жәбірленушіні әбден қорлаған әйел қызды ауылдың шетіне әкеп тастап, телефонын тартып алған. Егер біреуге айтатын болса, видеоларды әлеуметтік желіде таратамыз деп қорқытқан.
Болған оқиғаны естіген ана дереу Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне барып арыз жазған. Осыдан кейін отыз жастағы күдіктінің ата-анасы қыздың анасынан келіп кешірім сұрап, кез келген көмекті жасайтындарын айтқан.
"Жаңағы қызымды қинаған басты күдікті әйелдің әке-шешесі келіп кешірім сұрады. Бірақ олардың айтуынша, ол әйелдің күйеуге шығу туралы ойы болмаған. Әрине үлкен кісілер, жаным ашыды. Бірақ кешірім бермеймін. Ал екінші күдіктінің екі баласы бар әйел екен. Ол ана бола тұра осындай әрекетті дәті шыдап қалай жасады екен. Естуімше, жігітін қызғанған отыздағы әйел ауылдық әкімдікте жұмыс істейді", - дейді жасөспірімнің анасы.
Жасөспірімді қорлаған басты күдікті Масақ ауылдық әкімдігінде жұмыс істейтіні анықталды.
"Мен бұл жұмысқа келгелі екі жыл. Ол кісі ортасына сыйлы, жауапкершілігі мол маман болған. Жұмыстан кешігу деген тіпті болмапты. Естігенде жағамызды ұстадық, содан бері өз-өзімізге келе алар емеспіз. Ауыл тұрғындары да, біз де оны сондай инабатты, кішіпейіл деп санайтынбыз", – дейді Масақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Айдос Молдабаев.
Қылмыс жасаған уақытта күдікті “сырқаттанып, ем алатынын” айтып жұмыстан сұранып кеткен.
"19 тамызда ішкі істер қызметкерлері жұмыс үстінде ұстап әкеткен. Күдікті маған кіріп, "РОВД-ға барып келейінші, бір проблема болып қалды" деп сұранды, бірақ ойымда түк жоқ, босаттым. Сол кезде полиция алып кеткелі кеп тұр екен. 4 тамызда денсаулығына байланысты демалысқа кетті, 19 тамызда жұмысқа шыққан, сол күні ұстап әкетті", – дейді әкім орынбасары.
Оқиға болған Масақ ауылының тұрғындары жасөспірімді аяусыз қорлаған басты күдікті сыйлы отбасының қызы екенін айтады.
Ал екінші күдікті әйелдің әкесі қызының қорлық көрсетпеген, бірақ видеоға түсіріп тұрғанын айтады.
"Менің қызым видеоға түсіріп тұрған. Қазір қамауда жатыр. Баламды алып, сол қызымды көріп келуге бара жатырмын. Біз зейнеткерміз, денсаулығымыз жоқ. Қызым баяғыда ажырасып кеткен, екі баласы бар. Сол балаларды мектепке берейін деп құжатымен жүгіріп жүрсем мынадай жағдай болды ", – дейді күдіктінің әкесі.
Қазіргі уақытта екі әйел де қамауға алынған.
"Кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті әйел құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады", – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды ұрлап кетіп, жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталғаны туралы жазған едік.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
