"Жоспарларым мен идеяларым бар": Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке қайта оралды
Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Серік Сәпиевтің Instagram желісінен
Спортшының кандидатурасын Туризм және спорт министрлігінде арнайы комиссия келісімімен бекітілді. Кейін тағайындау туралы өкімге өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қол қойды.
"Мемлекет басшысы айтқандай, биліктің вертикалы құрылуы тиіс. Алда назар аудару керек спорт түрлері ескерілетін жаңа заң қабылданады. Қарағанды спортының үлкен даңқты тарихы бар. Жетекші позицияларды қайтару керек.
Менің өз жоспарларым, идеяларым бар. Туған жерімді спортқа жақын еткім келеді. Алдымен барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарды тыңдап, аймақтарға барамын. Барлығымен танысқаннан кейін соған қарай шешім қабылдаймыз", - деді боксшы.
Талқылау