"Жоспарланған концертім келесі жылға ауысты": Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы сыр берді
Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жоспарланған барлық концерттерін келесі жылға ауыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi
Өнер иесі денсаулығына байланысты әзір сахнаға шыға алмайтынын айтты.
“Ассалаумағалейкум құрметті көрермен! Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті "45 жас" деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын! Өздеріңізді көруге асықпын", – деп жазды актер.
Еске салайық, ұшақта бортсерікті балағаттап, бес тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатов әзілімен елді күлдірткен еді.
“Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. "Бір демалу керек еді" деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдайды. Жігіттер демалып жатыр", – деген еді актер.