Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жөндеу жұмысы кезінде ақшаны қалай үнемдейміз

отбасы

Үй алғаннан кейін негізгі шығын жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Үйіңізді қалағаныңыздай жөндеу үшін ақшаны ертерек жинай бастаған жөн. Ал Отбасы банк ұсынған лайфхактар шығынды реттеп, қаржыны басқаруды жеңілдетеді.

Жөндеу жұмыстарына қанша қаржы керек?

Сәрсеновтер әулеті жақында тиімді шартпен бір бөлмелі пәтер алған. Енді оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Қазақстанда бір бөлмелі пәтерді жөндеуге орта есеппен 4 000 000 теңге қажет. Бұдан бөлек Сәрсеновтерге қосымша шығындар үшін бұл соманың 10%-ын, яғни 400 000 теңгені де жеке ұстаған жөн. Бірақ оларда тек 2 000 000 теңге. бар. Сондықтан олар қолда бар ақшасын Отбасы банктегі депозитіне салып, алты ай күтіп 4 000 000 теңге, яғни керекті қаражатты жөндеу жұмыстарына алса өте тиімді болады. 

Мақсатты нақты белгілеу және жөндеу бюджетін алдын ала есептеу отбасы қаражатын тиімді басқаруға көмектеседі. 

отбасы

Қорытындылай кела айтарымыз, қазақстандықтар Отбасы банктің несиесін жөндеу жұмыстарына да рәсімдей алады. Бұл үйреншікті тұтынушылық несиесіне қарағанда тиімді, үстінен төленетін пайызы да қалта көтерерлік болады. 

отбасы

Жөндеу кезеңдерін дұрыс жоспарлау артық шығынды азайтады

Жөндеу барысында ең жиі кездесетін қателіктің бірі – барлық жұмысты бірден бастау. Практикада жөндеу кезеңдерін дұрыс бөлмеу шығынды 15%-ға дейін арттыруы мүмкін.

отбасы

Материалдар мен қызметті саналы таңдау – жинақты сақтаудың бір жолы

Бірдей материалдар үшін нарықтағы баға айырмашылығы 20-30%–ға дейін жетуі мүмкін. Материалдар мен қызмет көрсетушілерді алдын ала салыстыру артық төлемнен сақтайды. Бұл тәсіл жөндеуге арналған жинақтың:

  • мақсатсыз жұмсалмауына;
  • жоспарланған бюджет шеңберінде қалуына ықпал етеді.

Ал үнемделген ақшаны отбасының қажетіне жұмсауға не депозитіңізде әрі қарай жинауға болады. 

отбасы

отбасы

Назархан Уән
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 09:30