Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолын бөгеп, қару тақаған: Қарағанды облысында депутаттың қоқан-лоқысынан кейін отбасын қорғуды сұрады

Қарағанды облысының тұрғыны Айнагүл Әубәкірова аудандық мәслихат депутатының әкесіне қоқан-лоқы көрсеткенін айтады. Аталған дерек жария болған соң ол отбасына қысым жасала ма деп алаңдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

депутат

Видеодан скриншот

38 жастағы депутат Серік Бекмамбетов пен Айнагүл Әбубәкірованың әкесінің арасындағы жанжал 21 қазанда болған. Депутат көлігімен әкесінің жолын бөгепті. Сол сәтте 60 жастағы ер адам депутаттың көлігін айналып өткен. Алайда Бекмамбетов тұрғынды қуып жетіп, оған қарумен сес көрсеткен дейді. 

Аталған жағдайдан кейін депутат 15 тәулікке қамалыпты. Полиция өкілдері куәгерлерді қорғау заңмен қарастырылғанын, бірақ үкімді сот шығаратынын айтады. 

"Күдіктіні ұстау кезінде ол көлік жүргізген жоқ. Егер полиция оның мас күйде көлік жүргізгенін анықтаса, сот әрі қарай әкімшілік жауапқа тарту және куәлігінен айыруға қатысты шешім шығарады", – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров. 

Талқылау