Жолдасымен ажырасқан Әрінова ұлын қалай тәрбиелеп жатқанын айтып берді
Әнел Әрінова – табысты әйел, әнші әрі аяулы ана. Жалғыз ұлы жуырда екі жасқа толады. Осы уақыт ішінде әнші жаңа әлемнің есігін ашып, бала тәрбиесінде түрлі әдіс ашқан.
Фото: instagram.com/anelarinova/
Бұл туралы әнші Comod.kz басылымына берген сұхбатында айтып берді.
1) Көп адам сәбидің ата-анасының қылықтарын қайталайтынын ескермейді. Сондықтан отбасында, ошақ қасында өзіңізді қалай ұстайтыныңыз өте маңызды. Барлығына назар аударыңыз! Бүлдіршін көрген-білгендерін арнайы дискіге жазып отырады. Сондықтан кез келген ата-ана бала тәрбиесіне кіріспес бұрын өзін жақсылап тәрбиелеуі тиіс.
2) Балапанымды еркелеткенді қатты жақсы көремін. Үнемі “ұлым менің”, “тәттім сол” сынды сөздерді жиі айтамын.
3) Әр күнімізді алдын ала жоспарлаймыз. Имранға күні бойы не істейтінімізді айтып отырамын. “Балапаным, біз қазір түскі ас ішеміз. Артынша…” деген сынды. Осылайша Имран алдыда өзін не күтіп тұрғанын шамамен болжай алады.
4) Балаңыз қанша жаста болса да, саналы жан екенін ұмытпағайсыз. Оған өзінің әрдайым сый-құрметке лайық екенін көрсетіңіз. Әр сұрағына асқан ыждахаттылықпен жауап беріңіз. Бірнәрсе айтса, ерінбей тыңдаңыз. Әйтпесе, есейген шағында ол сізге қамқорлық танытпайтын болады.
5) Мен кез келген ата-ананың жұмыс істейтінін, үйге шаршап келетінін жақсы түсінемін. Десе де, баланың көзінше ешуақытта ұрыспаңыздар. Сабырсыздығыңыз бен ашушаңдығыңызды баса біліңіз. Кейде үй шаруасымен ғана айналысқым келетін сәттер болады. Алайда мұны кішкене батырға түсіндіре аламын ба? Сондықтан не істеп жатсам да, ол шақырған кезде кірім мен ыдысымды жуып бітпесем де қасына барамын.
Мен үшін Имран мен оның қалауы өте маңызды. Оның жанында өзім де балаша мәз болып, бірге сурет саламын, қарындаштар лақтырып, еңбектеп жүреміз, бір-бірімізді қуалап, ойыншық көліктермен ойнаймыз. Кейде өзі қолыма кітап ұстатып, оны оқып беруімді сұрайды. Егер оқиға оған ұнамаса, оны соңына дейін тыңдатып қинамаймын. Қызық болар деген жаңа бірнәрсе ұсынамын.
6) Баласы тілін алмаған кезде әке-шешелерінің “Сен осыны жасамасаң, мен сені жақсы көрмей қоямын” деген сөздерін жиі естіп жатамын. Меніңше, бұл үлкен қателік. Керісінше Имраным қандай жағдай болса да, оған қолдау көрсетіп, оны жақсы көретінімді айтқым келеді.
7) Баламның өзін-өзі жоғары бағалауы мен үшін өте маңызды. Әдетте бала жұрттың өзі туралы пікірлерінен құралады. Қазір тілі шықпаса да, болашақта жадында қалған жақсы естеліктерді айтып береді деген үміттемін. Біз әрдайым оған өзінің қандай сымбатты, мейірімді, ақылды екенін жиі айтып отырамыз.
8) Өмірден алған тәжірибе. Біздің сыныпта төрттік баға алса жылап отырып алатын бала болатын. Мұнымен қатар, балалаларының өзгелерден ерекше екенін жиі айтып отыратын ата-аналар болды. Алайда мұндай тәрбие алған балалар жарыстан жеңіліс тапса, сағы сынып, беті қайтып қалады. Мен ешуақытта балама “Сен бәрінен де жақсысың” деп айтқан емеспін. Бар болғаны әр адамның өзіндік ерекшеліктері бар екенін түсіндіріп беремін. Мен үшін оның әрбір жасаған ісінен ләззат алғаны маңызды.
9) Бір кездері әлеуметтік желіде “Балаңызға дауыс көтересіз бе? Имранды бұзықтықтары үшін жазалайсыз ба?” деген сұрақтар жиі қойылатын еді. Баланы ұрсып, ұялдырудың еш қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл ақырында жақсылыққа алып келмейді. Оған қарапайым тілмен “Еденге сурет салуға болмайды, ал қағазға болады. Теледидарды жақыннан қарасаң, көзің ауыратын болады” дегендей түсіндіріп отыру қажет.
10) Балам өзінің пікірі маңызды екенін сезінсе деймін. Сондықтан тамақ болсын, киім болсын оған әрдайым таңдау құқығын беремін. Мысалы, таңғы немесе түскі асқа барған кезде міндетті түрде “Ұлым ботқа жейсің бе әлде ірімшік жейсің бе?” деп сұраймын. Және мұның әрқайсысын оның алдына қойып қоямын.
Тілі шықпағандықтан әзірге тек қолымен нұсқайды. Бір жерге жиналып жатқан кезде де осылай жасаймын. “Шорты кисің бе, әлде шалбар киесің бе?” деп сұраймын. Бірде ол мен ұсынған бас киімдерден бас тартып, шкафты өзі ашып, ішінен бейсболкасын таңдап алған болатын. Қуанышымда шек болмады! Бұйрыққа қарағанда осы әдістер ұтымдырақ.
11) Кейде Имранның маған мүлдем назар аудармайтынын байқаймын. Сондай сәттерде оны қолтығыма қысып алып, үйге қарай алып кетемін.
Жіберіп алмаңыз:
Әнел Арынова баласымен бірге жарнамаға түсті
Әнел Арынова аяғын сындырып алды
“КешYou-дің” экс солисі Арынова күйеуімен ажырасқанын айтты
Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді