Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жолдасым идея ұсынды": Тамара Асар жеке кәсібіне қатысты жаңалықты бөлісті

Танымал әнші Тамара Асар отбасындағы жақсы жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Өнер иесі жолдасымен бірігіп, жеке кәсіпке бет бұрып жатқандарын айтты. 

“Қазақы стильде самаурын шығаруды армандайтын едім. Жолдасым өндірістің адамы, темір-терсектің айналысында жүр. Бір күні маған өзінің зауытынан самаурын шығару туралы идеясын айтты. Алдағы қазан айларында алғашқылары шығады. Қазақы қылып шығарғымыз келеді. Бүге-шүгесі көп, қолмен жасайтын дүниелер бар. Қазақ психологқа бармаған. Олар дастархан басында шай ішіп отырып, терапия жасаған. Ренжіскен адаммен қант қосып, шай ішкен соң, қуаныш гормондары бөлініп, оны кешірген. Қазақ ғылыми атауын білмесе де, барлық дүниеден хабардар болған, – деді Тамара Асар “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында.



Айта кетейік, эстрада жұлдызы не себепті самаурынға қызығатынын айтып берген еді. 

“5-сынып оқитын кезімде өнер байқауынан жеңіп шыққанда маған ақша емес, самаурын берді. Көңілім су сепкендей басылды. Үйге жеткенше самаурынға қарап келдім. Бір кезде әкеме келіп, “Байқаудан орын алдым, бірақ ақша берген жоқ, самаурын берді” деп ренжідім. Сол кезде әкемнің айтқан сөзі әлі есімде. “Енді сен елге танымал бағы жанған өнер адамы боласың. Берекең мен ырыс-несібең асып тасады” деді. Сол әкемнің тілегі қабыл болды. Баласының жолын ашып берді”, – деп еске алған еді әнші. 

Талқылау