Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жолдасым машинама дөңгелек сыйлады": Мадина Сәдуақасова туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті

45 жасын дүркіретіп атап өткен Мадина Сәдуақасова туған күніне келген сыйлықтарын ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі туған күні қарсаңында ерекше фотосессия жасап, көпшілікті таңғалдырған еді. 

“Осы ғой, бағым бес елі,
Самғатқан шаттық шырайын.
Дəл осы ұлы бақытты,
Əркімге берсін Құдайым!
Қош келдің, жаңа жасым!”, – деп жазған еді әнші. 



Көп ұзамай жекеменшік мерекесінде келген сыйлықтарын оқырмандарына көрсетіп, мақтанып алды. 

“Сыйлықты кім жақсы көрмейді?! Әнуар өзінің жинап жүрген ақшасына Apple құлаққап алып берді. Ата-анам, бауырларым, әріптес, дос- құрбыларымнан неше түрлі әдемі дүниелер келді. “Күйеуің не сыйлады?” дейсіздер ғой?! Машинаға қысқы дөңгелек алып берді. Бұл видеоға жараспады. Бірақ олар🛞шын жүрекпен айтылған тілек, берілген сыйлық. Гүл, дөңгелек бәрі-бәрі қымбат мен үшін. Рақмет!”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, Меруерт Түсіпбаева ұлына қымбат көлік сыйлаған Мадина Садуақасованы сынап тастаған еді. 

 

Талқылау