Жолдан өте алмай қалған әжейге көмектескен полицей астаналықтардың жүрегін елжіретті
Жолдан өтіп үлгере алмаған әжейге көмектескен тәртіп сақшысы Астана тұрғындарының жүрегін елжіретті.
Бұл оқиғаны Сара Берсан есімді қолданушы Инстаграм желісінде жариялаған.
“Дүйсенбі күні кешкілік. Адамдардың барлығы жұмыстан соң асығып үйлеріне қайтып жатыр. Әсіресе, көлік жүргізушілері тыпыршып, тым асығып тұр. Осы кезде әжей пайда болды. Жасыл түстің баяғыда жанып біткеніне қарамастан әрең қозғалатын әже әлі жолдың ортасына енді жеткен еді. Автожүргізушілер бірі шыдамай терезеден басын шығара айғайлап, бірі үздіксіз дабыл басып жатты. Тек бір адам ғана сабырлылық танытты. Көлік жүргізушілеріне бір қимылмен түсінік берген ол, әженің қолынан асықпай ұстап, жолдың келесі бетіне дейін сүйемелдеп өткізді. Сосын барлығы тыныштала қалып, келесі жасылдың жануын күтті. Барлығы үшін сабақ болды…Жол сақшысының жұмысына табыс тілеймін, ол нағыз еркек”, – деп жазады ол.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
Еден жуушы әйел маңдай терімен тапқан ақшасына Астанадан үш пәтер сатып алды
Ақтөбелік дәрігерлер ауруханада қайтыс болған жігіттің ағзаларын туыстарының рұқсатынсыз кесіп алған