"Жолаушылар дұға оқып, бортта дүрбелең басталды": Алматы–Ақтау рейсінде төтенше жағдай орын алды
Фото: facebook.com/airastana
Air Astana әуе компаниясының ұшағында әуеде техникалық ақау тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде ұшақ бортындағы жағдай туралы видео тараған болатын. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілген кезде борттан бөгде бүр түрлі шуыл шыққан. Ал 30-40 минуттан кейін ұшақ төмендеген.
Рейс кезінде болған оқиға жолаушыларды қатты қорқытып, бортта үрей туғызған.
"Адамдар дұға оқып, әйелдер жылады, стюардессалардың да жүздерінен қорқыныш байқалды. Бір сәтте борттан "далаға шұғыл қонуға тура келеді" деген хабар тарады. Стюардессаның даусы дірілдеп, үрейге толы болды", – дейді жолаушылардың бірі.
Ұшақтың төмендеуі шамамен 10–15 минутқа созылған. "Бір кезде салонда дүрбелең басталды – адамдар орындарынан тұрып, стюардессалар жол бойымен жүгіріп жүрді", – делінген жазбада.
Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі Алматыдан Ақтауға шыққан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болғанын растады.
“31 тамызда Алматы-Ақтау бағытына шыққан КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жете бере, техникалық ақау туралы хабар беріп, нұсқаулыққа сай бірінші болып қонуға рұқсат сұрады. Осыдан кейін ол қауіпсіз эшелонының көмегімен Ақтау әуежайына аман қонды”, — деп мәліме етті компанияның баспасөз қызметі.
Қазір ұшақтағы ақау неден шыққаны тексеріліп жатыр.
“Аталған рейстің бүкіл жолаушылары басқа әуе кемесіне ауыстырылды”, — делінген ресми мәліметте.

Әкімдік қаладағы ескі брусчаткалардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтты: Алайда Боқаев төсеуіштің жеке қолға сатылып жатқанын түсіріп алған (видео)
