Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол жиегіне лақтырылған көкөністер қазақстандықтардың ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желілерде бірнеше күн бұрын пайда болған видео халықтың наразылығын тудырды. Кадрларда жол бойындағы қар үстінде жатқан қап-қап картоп пен сәбіз көрсетілген. Автор бұл көкөністердің Ақтоғай бағытына қарай жолдың 63-шақырымында үйіліп жатқанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Желі қолданушылары осындай немқұрайлы қарым-қатынасқа таңғалды. Көпшілік көкөністерді мұқтаж жандарға немесе малға азық ретінде неге бермегеніне ашуланды.

Аудандық әкімдіктің аппарат басшысы Айдын Темірболатов бұл жағдайға түсініктеме берді. Бейнежазбада көрсетілген көкөністер жергілікті "Молочное село" шаруа қожалығының алқаптарынан шыққан қалдықтар екені анықталды.

"Видеода Ақтоғай ауданы Исантерек ауылында орналасқан "Молочное село" шаруа қожалығының өндірістік қалдықтары көрсетілген: алқаптардан шыққан қарашірік, көкөністердің жапырақтары және сатуға және сақтауға жарамсыз көкөніс өнімдері. Шаруа қожалығы өндірістік қалдықтарды және сапасыз өнімдерді арнайы бөлінген аумаққа шығарады. Оларды сол жерден халық шаруа қажеттілігі үшін алып кете алады. Осыдан кейін өндірістік қалдықтар қайтадан алқаптарға шығарылады", – деді Ақтоғай ауданының әкімдігі.



Еске салайық, бұған дейін 23 сәуірде Павлодар облысында картоп өнімінің тонналап қоқыста жатқаны туралы жазған едік. Тұрғын қоқыста жатқан балғын картоптарды сиырлар таптап жатқанын жеткізді. Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы картопты полигонға шығару мәселесі бойынша мониторинг жүргізді. Аймақ тұқымдық картоптың толық сатылғанын ресми түрде растайды. Бүгінде ірі көкөніс қоймаларында сақталған картоп ысырап етілмейді және толығымен сатылады. 2024 жылғы 17 сәуірде Павлодар ауданы Заря ауылының полигонына қыстан кейін шіріген, одан әрі пайдалануға жарамсыз картоп қалдықтары мал азығына шығарылды

Талқылау