"Жол жиегіндегі балалар креслосы": Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге қойылған "тұзақты" жоққа шығарды

Әлеуметтік желіде жол жиегінде ішінде манекен бала бар автокреслолардың қалдырылғаны туралы ақпарат тарады. Осыған қатысты Polisia.kz Ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде қаскөйлердің жол жиегіне манекен бала салынған автокреслолар қойып, жүргізушілерді тоқтату үшін көлікке жұмыртқа лақтыратынын туралы ақпарат тарады. Алайда Ішкі істер министрлігі мұны жоққа шығарды.
Фото: Polisia.kz
“Мессенджерлерде таралып жатқан жол бойындағы автокреслолар секілді “тұзақ”, сондай-ақ көлікті тоқтату үшін алдыңғы әйнекке жұмыртқа лақтыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желі қолданушыларына бұқаралық ақпарат құралдары немесе интернет арқылы әдейі жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"