Жол апатына ұшыраған Шавкат Рахмоновтың әйелі қамауға алынады деген болжам бар
Фото: Видеодан скрин
Жамбыл облысында Toyota Land Cruiser көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасына байланысты спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова сотталуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Рөлде спортшының әйелі болған деген болжам бар.
Тергеу кезінде Гулайым Рахмонованың кінәсінің деңгейі анықталмақ. Ол ұлы және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға бағыт алған. Жол апатынан 39 жастағы жолаушы көз жұмды, ал тағы бір әйел ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Гүлайым Рахмонова мен ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілді.
Адвокаттардың айтуынша, жол апатына кінәлі адам жол жүру ережесін бұзып, екі немесе одан да көп адамның өліміне себепкер болғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 7 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
“Жол апатына мысалы, дөңгелек жұлынып немесе тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Ал егер жүргізуші өзі маневр жасап, апатқа тікелей себепкер болса – бұл мүлде басқа жағдай. Менің ойымша, бұл істе міндетті түрде сараптама жүргізіледі”, – деді адвокат Евгений Яровский.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
