Семейде бірнеше айдан бері жалақы алмаған мұғалімдер жолақыға ақша таппай отырғандарын айтты

Семейде көлік колледжінің ұстаздары бірнеше ай бойы жалақы алмаған. Жол ақысына ақша таппай қиналған олар, тіпті жұмысқа шыға алмай жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұғалімдер жалақы төленбегені аздай, оқу процесіне қажет қағаз, қаламды өз қаражатымызға алып жүрміз дейді.
“Қазір күнде-күнде баға өсіп жатса да жалақымыз әлі күнге дейін төмен. Бір айдан екінші айға жетпейді. Соның өзін бермей отыр. Онымен қоса бізге керек-жараққа да ақша төленбейді. Бәрін өзіміз аламыз. Қағазды өзіміз сатып аламыз”, – дейді мұғалім Жанар Қаржаубаева.
Мұғалімдердің сөзінше, мемлекеттік оқу орнының қаржылық жағдайы қиын. Олар жалақымыз аз әрі оның өзін ала алмай отырмыз дейді. Сол себепті кей мұғалімдердің жұмыс істеуге де құлшынысы қалмапты.
“Бізде жалақы үнемі кешігеді. Осы жолы тіпті созылып кетті. Бала-шағамыз, төлейтін несиеміз бар. Ақылы оқитын стуудент балаларым бар. Тіпті алған несиеміздің мерзімі өтіп жатыр. Баламыздың оқу ақысын төлей алмай отырмыз”, – дейді мұғалім Жадыра Жұмаділова.
Мұнда мұғалімдер ғана емес, колледж студенттері де бірнеше айдан бері шәкіртақы алмаған. Мұғалімдердің мұңын тыңдаған білім басқармасының өкілдері жалақы жақын күндері беріледі деді.
“Шәкіртақы бойынша бүкіл облысиа толық көлемде қараша-желтоқсан айына қарызбыз. Оны қазір мәслихаттан ақша бөлді. Ал еңбекақы бойынша транспорт колледжіне ақша бөлінді. Оны 20 желтоқсанға дейін аударып береміз”, – деді Абай облысы білім басқармасының бөлім маманы Аян Әлімғазиев.
Жалпы, бұл колледжде 952 студент білім алады екен. Техникалық жұмысшылармен қосқанда бас-аяғы жүзден астам қызметкер жұмыс істейді. Олар мемлекеттен бөлінетін қаражат жыл сайын кешіктірілетінін жеткіздіі. Жағдай бұлай жалғаса берсе білікті мамандар азайып, оқу процесіне кері әсерін тигізеді деп отыр.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады