Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жоғарыға көтеріл, мен босандым": Жүктілігін білмеген әйел ойда жоқта босанып қалды

Шотландияның Фолкерк қаласының тұрғыны өзінің жүктілігін соңына дейін білмеген. Осылайша, ол ойда жоқта босанып қалыпты. 

20 жастағы Стейси Портер 10 мамырда ішінің ауырғанын сезіпті. Бұл кезде сүйіктісі Дэвид Джонстон төменгі қабаттағы диванда ұйықтап жатқан. Ол таңға жуық ұйқысынан оянғанда Портердің өзіне 60 рет қоңырау шалғанын көреді. Арада бірнеше секунд өткеннен кейін қыз қайта қоңырау шалып: "Жоғарыға көтеріл, мен босандым", -деген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Daily Record басылымына сілтеме жасап. 

"Тұманда адасып жүргендей болдым. Мен айқайлаған немесе жылаған дауысты естіп оянып кеткен сияқтымын", - дейді Дэвид.

Мұнан кейін ол жуынатын бөлмеде жатқан Портердің жанына барып, жедел жәрдем шақырыпты. 

"Дәрігер маған заттарын жинауды тапсырды. Неге екені белгісіз, мен заттарын жинаймын деп тоңазытқышты ашыппын. Сол кезде қандай күйде болғанымды сөзбен жеткізе алмаймын", - дейді ер адам. 

Портердің сөзінше, ол аяқ астынан босанып қалған. Тіпті, ауырсыну сезімі болмапты. Босанғанынан бірнеше минут өткеннен кейін, жанына Джонстон келген.

Жас ана босанғанға дейін жүктілікке қарсы дәрі ішіп жүргенін айтады. Сәбилі болуды жоспарламадым, дейді.

Ал жедел жәрдем дәрігерлері мұндай жағдайға алғаш рет куә болғандарын айтты. Олар жас ана мен сәбиді тексеріп, екеуінің де дені сау деген қорытынды жасаған. 

Белгілі болғандай, жас ата-ана қыздарына София Грейс деп есім берген. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр