Жоғарғы сот алдында өзін өртеген әйел: Әділдік болмаса тағы да өзімді өлтірем
Ашуға булыққан Жақсыгүл Бөкенованың әлі шері тарқамаған. Туған ағасының 10 жыл жазаны жазықсыз арқалағанына сенімді, деп хабарлайды КТК.
Бір дәлел болса, көнер едім. Мен Жоғарғы соттың алдына барып өзімді өлтірмес едім. Мен бұны ашынғандықтан істедім, әлі де істеймін егер әділдік болмаса.
Астанадағы 19/132 әскери бөлімінің аға сержанты Қуаныш Бөкенов әскери салада келісімшарт негізінде 10 жылдан аса қызмет етіп келеді екен. Былтыр қайнағасының қызы «2015 жылы, кәмелетке толмаған кезімде мені зорлады» деп арыз жазып, соның ақыры 10 жылға сотталып кеткен. Өзінің айтуынша, ағасы Қуаныш ондай бәлені жасамаған.
“Ол кінәсін мойындаған жоқ. Өйткені, ол істеген де жоқ. Менің де қызым бар. Мен оған қызымдай қарадым. Бірақ, мен сол пәтер үшін жала жабады деп ойлаған жоқпын деді”, – дейді сотталған Қ. Бөкеновтің қарындасы Жақсыгүл Бөкенова.
Даулы пәтер мына үйде. Қуаныш Бөкенов мемлекеттен өтемақы алу үшін басындағы пәтерін қайнағасының атына жазған. Жақсыгүлдің ойынша, сол қайнаға пәтерді алып қалу үшін қызымен ақылдасып, сержанттың үстінен арыз түсірген. Сержант соның негізінде сотталған көрінеді. Бұл Жақсыгүл Бөкенованың кешегі наразылығы. Үкімге келіспейтіндігін Жоғарғы соттың алдында осылай дәлелдемек болыпты. Ол жанармайды үстіне шашып, сіріңкені тұтатқалы жатқанда тәртіп сақшылары ұстап алған еді. Ал Жоғарғы сот өкілдері Асанов қабылдап, мәселеге араласу үшін іс біраз сатыдан өту керек дейді.
“Жақсыгүл Бөкенованың туыстары Жоғарғы сотқа шағымданған жағдайда, соның ішінде апелляциялық сотқа шағымданған жағдайда осы іске қатысты Жоғарғы сот құқықтық бағасын беретін болады. Әзірге бұл іс жабық сот процесінде болғандықтан, біз ешқандай да бұл іс бойынша істің мән-жайына қатысты құқықтық баға бере алмаймыз”, – дейді ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі басшысының орынбасары Айдос Сәдуақасов.
Ал Жақсыгүлдің әділдік жеңеріне үміті аз.
“Мені апелляциялық сот төрағасына жібермекші болды. Олар бір мекемеде отырады. Мен оларды көрдім, бәрі бірге шәй ішеді сол судьямен. Олар бір-бірінің шешімін жоққа шығармайды. Сол үшін мен оларға сенбеймін”, – дейді Жақсыгүл.
Кабинетінің түбінде болған айғайдан Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов хабардар екен. Алайда, алдына жылап келген әйелге көмектесетін әзірше қауқары жоқ. Өйткені, үкім әлі аппеляциялық сатыдан өтуі тиіс. Ал ағам сүттен ақ, судан таза деген қарындасы бұл сотқа да сенбейді. Бірақ, шағым түсіруге дайындалып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Елімізде әйелдер уақытылы зейнетке шыға алмайтын болды
Астанада оқушы қызды әкесінің көз алдында көлік қағып өлтірді
Әке, өлсем осы жердегілер жауап береді: Семейде сотталушы түрмедегі азапқа шыдамай шеге жұтқан