Жоғарғы соттың жаңа судьясы тағайындалды
Денис Шипп Жоғарғы соттың судьясы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Сенат отырысында Денис Шипптің кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынғаны белгілі болды. Депутаттар бәр ауыздан Денис Шиппке дауыс берді.
“Денис Алексеевичтің төрелік етуден тәжірибесі мол, 21 жылдан астам тәжирбесі бар. Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотын басқарды, Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасын басқарды. Одан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы болып сайланып, Жоғарғы сот кеңесін үш жылдан астам басқарды”, – деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов.
Денис Шипп 1968 жылы 27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін, академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін тәмамдаған.