Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жоғарғы сотқа арыз жазбақшымын": Тұңғышбай Жаманқұлов үстіне қылмыстық іс қозғалғаны туралы

Тұңғышбай Жаманқұлов үстіне қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жоғарғы сотқа арыз жазбақшымын

Осыдан біраз бұрын көпшіліктің сүйіктісіне айналған Тұңғышбай Жаманқұлов пара алды деген айыппен ұсталып, өнер иесіне қатысты сот шешімі шыққан болатын. Мәдениеттің үлгісі болып жүрген актердің қылмыскер болып шыға келуі халық үшін күтпеген жағдай болды. Бұл туралы өнер иесінің өзі айтып берген болатын.

"9 адам сотталдық. Әйтеуір кінәрат табу керек қой. Сөйтіп, барлығымызды шартты түрде соттады. Мені 7 жылға соттады. Содан кейін бір жыл бойы алған айлығымызды орнына қойдырды. Қалалық сотқа шағымдандық, олар ісімізді қараған жоқ", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.  

Шартты түрде бостандыққа шыққан Тұңғышбай Жаманқұлов қазір айыппұлдарының барлығынан құтылған. Өнер иесінің қазіргі ойы жоғарғы сотқа шағымданып, өзінің адал екенін дәлелдеу. Ертеңгі күні о дүниелік болып кетсем, сотталған деген жаман ат артымда қалмаса екен деп армандайды ол. 

"Президент жолдауында сотта еркіндік болады деп айтты. Соттың дұрыс жасалмаған шешімдерін қайта қарау деген сөзге сеніп, жоғарғы сотқа дайындалып жатырмын. Менің мерзімім бітті, бірақ, менің атымда сотталған деген сөз бар. Жоғарғы сотқа "Жасым біразға келді, көзім жұмылса, Жаманқұлов сотталған деген сөзден арылтсын" деп айтқым келіп отыр", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.  

Талқылау