Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кеткен Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отырғандарға бейнеүндеу жолдады (видео)

Бір айдан бері туыстары мен жақындары, полицейлер мен еріктілер 18 жастағы Назерке Әріпті іздеп жатыр. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ.

8787

Соған қарамастан қыздың ата-анасы үміттерін үзбеген. Қыздың анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдарға арнап бейнеүндеу жолдады.

Анасы бұзық ойлы адамдардың ізіне түспеуге уәде береді.

“Назерке, жаным, біз сені жақсы көреміз, күтеміз. Үйге оралшы. Егер сені ренжітсек, кешір”, – дейді көзіне жас үйірген анасы. Бейнежазба Қарлығаш Мудуарованың Фейсбуктегі парақшасында жарияланған.

“Менің қызым Назерке 10 шілде күні үйден шығып кетіп, содан әлі оралмады. Назеркемді ұстап отырған кісілер болса, немесе жәй қорғап жүрген кісілер болсасол кісілерден өтініп сұраймын ана ретінде. Бізге қызымыз аман-есен болғаны ғана керек, сондықтан сіздерден өтініп сұрарым, қызды аман-есен үйге әкеліп берсеңіздер немесе босатып жіберсеңіздер. Біз сіздерге ешқандай да жаза қолданбаймыз, сіздер бізді ұмытасыздар, біздер сіздерді ұмытамыз. Қызым Назерке, егер сен мені тыңдап, көріп отырған болсаң саған айтарым Назерке алтын қызым тезіре үйге оралшы, біз сені қатты сағындық. Егер сені ренжіткен болсақ, бізді кешірші ботақаным, үйге аман-есен келсең содан асқан бақыт жоқ.

Еске алсақ, Назерке 10 шілдеде Алматы облысында жоғалып кетті. Қыз Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып кетіп қайта оралмаған.

Оқи отырыңыз:

 Шымкент тұрғыны әкесіне тірі арыстанды сыйға тартты

1 ай бұрын жоғалып кеткен семейлік қыз Алматыдан табылды

Алматы облысында ішкі тәртібі түрмеге ұқсайтын балабақша ата-аналардың ашуын туғызды

Бауыржан Байбек мұғалімдерге жыртық шалбар туралы мысал айтты

Талқылау