Жоғалып кеткен 74 жастағы қария бір апта бойы шоколадты қорек еткен
Жапонияда қарт альпинист өзін құтқарушылар тауып аламын дегенше тауда шоколад пен суды ғана қорек етіп күнелткен.
Шетелдік БАҚ ақпаратынша, 74 жастағы Киеюки Цуцуи Хиросимадан Ниигатаға 10 тамыз күні тауға өрмелеу үшін келіпті. Жоспар бойынша ол 13 тамызда тауға көтеріліп, төрт күннен соң қайта түсуге тиіс болған.
Алайда шамамен 1000 метр болатын биіктікте ол тайып кетіп, жолдан шығып қалады. Оның жоғалып кеткені туралы туыстарының бірі хабарлағаннан кейін, тек 18 тамызда ғана белгілі болған. Жоғалған адамды құтқарушылар 20 тамыз күні тікұшақ арқылы тапты. Альпинистің денсаулығы қалыпты жағдайда.
Ол тау басындағы суды ішіп, шоколад жеп, құтқарушылар келемін дегенше тіршілік еткен.
Оқи отырыңыз:
Жапонядағы барлардың бірінде маймыл даяршы болып жұмыс істейді
Жас жігіт өзін мазақ еткен жеткіншектен кек алу үшін оның анасымен төсектес болды
Аю өзіне сүт бермек болған ер адамның қолын қоса жеп қойды (видео)
Ресейлік бала күтушісі балаларды ұятсыз фильмдермен тыныштандыратынын айтып мақтанды