Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатына себепкер болған полицей қазақстандықтардың жүрегін ауыртты

Арақ ішіп рөлге отырған капитан қызметтік машинасымен алдында келе жатқан темір тұлпарды оңдырмай соққан. Құдай сақтағанда жапа шеккендер жоқ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

03

– Істеп беремін.

– Атың кім?

– Еркебұлан.

– Фамилия?

– Нұржанов.

– Капитансың ба?

– Иә.

– Көрсетші?

– Ұят қой енді, істеп беремін.

“Істеп беремін” деп жиі-жиі қайталап, әбден жалынған капитанның нені меңзегені түсініксіздеу. Соққан көлігін қалпына келтіремін дегісі келді ме, әлде бұл жағдайды ың-шыңсыз жабуды сұрап отыр ма? Дегенмен жәбірленушімен мәмілеге келе алмаған секілді. Өйткені удай мас полицейдің видеосын әлеуметтік желіге таратып жіберген. Ал, жол апатын жасаған полиция капитаны Жамбыл ауданының қызметкері екен. Сондай-ақ ол аты-жөнін жалған айтқаны анықталды. Мұнысын ұялғанымен түсіндірген тәртіп сақшысы әлі жұмысын жалғастыруда. Қазір оған қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандықтар рейтінгісі жарияланды

Қарағанды облысында прокурордың “сөз түсінбейтін топастарға” арнаған әні хитке айналды

Президент келерде жанталасқан қызылордалық шенеуніктердің көзбояушылығы жұртты ашуландырды

Талқылау