Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жыртық аяқ киім, жуылмаған тесік жемпір”: Қазақстандықтардың қайырымдылыққа өткізген заттары желідегілерді ашуландырды

Елордадағы қайырымдылық дүкені қазақстандықтардың қайырымдылыққа деп жіберген киюге жарамсыз заттарын видеоға түсіріп, көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Дүкен әкімшілігі оларда қайта өңдеу мүмкіндігі жоқ екенін және заттардың ақырында қоқыс полигонына жіберілетінін түсіндірді.

"Мұндай заттарды жібермеулеріңізді сұраймыз”, – деді дүкен өкілдері.

Дүкен қызметкерлері тозығы жеткен аяқ киімдер мен кір-қожалақ киімдердің қайырымдылыққа арналмағанын ескертіп, мысал ретінде бірнеше затты көрсетті.

"Бізге аяқ киім жиі келеді. Сырттай қарағанда таза сияқты көрінеді, бірақ табаны әбден тозған. Құдды Меккеге жаяу барып келгендей. Мұндай заттарды қайтадан кию мүмкін емес. Сондай-ақ, балалардың жуылмаған киімдерін, тіпті жыртылған жемпірлерді береді. Мына жемпір, Ауған соғысын көрген сияқты. Қаншама тесігі бар”, – деп наразылық білдірді дүкен қызметкерлері.

Видеода тозығы жеткен былғары аяқ киімдер, лас іш киім, тізесі жыртық шалбарлар және басқа да жарамсыз киімдер көрсетілген.

Бұл көрініс қазақстандықтардың ашуын туғызды.

"Мұндай заттарды қайырымдылыққа беруге қалай ұялмайсыздар”, "Іш киімдерді қайырымдылыққа беру деген деген масқара ғой”, "Экраннан қарап отырып, жиіркеніп кеттім”, – деп жазды желідегілер.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Pavlodar (@vesti_pvl)

Талқылау