Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Жыныс мүшесін шығарып, қозғай бастады": Калифорниядағы қазақ студенттері педофилді ұстап алды

Фото: Видеодан скрин

7 мамырда Америның Калифорния штатында оқып жүрген қазақ студенттері азаматтық жауапкершілік танытып, балаларға тиіспек болған ер адамды ұстауға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Студент Омар Жолдасбектің айтуынша, жергілікті чаттардың бірінде бейтаныс адамның балаларға қатысты бейәдеп әрекет жасап жатқаны туралы хабарлама тараған. 

"Бүгін балалармен серуендеп жүрдік. Бассейн маңында қара нәсілді ер адамды көрдік, ол отырған сияқты болды, ал біз ойнап жүрдік. Джакузиге жақындағанымызда, ол джакузидің қасында көк шатырдың жанында отырды. Кенеттен ол өзінің жыныс мүшесін шығарып, қозғай бастады. Балалармен қатты қорқып, қашып кеттік. Басшыларға (менеджерлерге) шағымдандық, бірақ олар ештеңе істемеді, жай ғана әлгі жігіт кетіп қалды. Сақ болыңыздар! 7-лифт маңында педофил жүреді. Қазір қызым одан қашып құтылды", – деп жазылған тұрғындар чатында.

Жастар бірден әрекетке көшіп, ғимаратты шолып шыққан. Күзет қызметін шақырған, бақылау камераларын тексеріп, күдіктіні іздей бастаған.

"7 мамыр Отан қорғаушылар күні ерекше өтті. Үйде отырсам, чатқа әйелдер біздің үйде бір жігіт балаларға мүшесін көрсетіп жүргенін жазып жатыр екен. Біз жігіттер бірден жиналып, бүкіл қабаттарды түгел шолып шықтық, күзетшілерді көтеріп, камераларды тексердік. Шамамен 5 сағат іздеп, ақыры көшеден тауып алдық. Полиция келгенше ұстап тұрдық, кейін тәртіп сақшылары алып кетті. Бастапқыда полицейлер оны ұстағанда не істейміз дегенде осы жердің қазақтары айғай-шу шығардық. Содан кейін ғана олар іске кірісті", – деді Омар Жолдасбек.

Видеода отандасымыз Омар Жолдасбек күдіктіні жергілікті полицейлер бірінші реттен ұстай алмағанын, электрошокер қолданса да қашуға тырысқанын айтады. Ер адамды ұстауға 20-30 шақты тәртіп сақшысы келіп, оқиға орнына тікұшақ та шақыртылған. 


Қазақстандық азамат мектеп оқушысымен бейнеқоңыраумен сөйлескеннен кейін түрмеге қамалды


"Дипломмен ауылға" деп шақыртып алған": Қарағандыда 23 жастағы қызды зорлады деген күдікпен аудан әкімі қамалды


Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 8 жасар қызды зорламақ болған ер адам қайтадан қамауға алынғанын жаздық. Сот отырысында екінші сынып оқушысына тиіскен деген күдікке ілінген шымкент тұрғыны екі айға қамауға алынды. Қыз баланың адвокаты Талғат Есімовтің айтуынша, оқиға Шымкенттегі шағынаудандардың бірінде болған. Күдікті жәбірленуші қыздың артынан пәтердің кіреберісінде күтіп тұрып, азғындық әрекеттер жасаған.

@omar.zholdasbek

 

♬ original sound - omar.zholdasbek
Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 17:22
Талқылау