"Жынды мінезім бар": Ерке Есмахан болмысы туралы сыр шертті
Танымал әнші Ерке Есмахан ел біле бермейтін мінезі туралы сұраған оқырманына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Өнер иесі ел алдында үнемі жарқырап, майысып жүруінің себебін түсіндірді.
“Негізі жұмсақтығымның артында ашушаң, өзін қорғай алатын, айқайлап ұрысатын, қатты сөйлейтін, жындымінезді Ерке бар. Қазіргі заманда тек майысып жүруге болмайды. Жақының да, алысың да басынып кетуі мүмкін. Сол үшін нәзіктікпен бірге басқа да қырларыңызды баланста ұстаған жөн”, – деп жауап берді.
Өнерлі жұп Ерке Есмахан мен Raim жақында республиканы аралап концерт қойған еді. Айтуынша, бір аптада бірнеше салмақ тастаған көрінеді.
“Бүгін таразыға тұрсам, арықтап кетіппін. Концерт басталарда томпақ едім. 1 апта ән саламын деп салмақ тастадым. Қатты арықтаған да дұрыс емес”, – деп жазды өнер иесі.
-
"200 миллион теңге айыппұл төлейді": Құралай Анарбекова киносын заңсыз таратқан алаяқтарды ұстады
-
"Әзір құлайтын үй емес": Тоқтар мен Бейбіт жер сілкінісінен кейінгі жоспарын бөлісті
Одан кейін қалың көпшілік эстрада жұлдызынан салынып жатқан жер үйлері туралы айтып беруін өтінді.
“Вилламыз салынып жатыр. Ол біткен соң, ойымдағыдай интерьер жасаймын деп отырмын. Ол үйге күйеуімнің де жоспары көп. Көшуге әлі біраз уақыт бар. Ең бастысы Алла қалап, сәтін салсын", – деп жазды әнші.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Еске салайық, өнер иесі құны 12 миллион теңге болатын сөмкесін көрсеткен еді.