Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Forte 4%-дық жеңілдетілген автокредит бағдарламасын іске қосты

Қазақстандағы көліктің 70%-дан астамы 10 жылдан көп айдалған және жүргізушілердің басым бөлігі ескі көлігін жаңа, ыңғайлы және қауіпсіз көлікке ауыстыруды армандайды. Бірақ басты мәселе – көліктің қымбат екені. Сондықтан "ForteBank" АҚ жылына 4% мөлшерлемемен жеңілдетілген автонесие бағдарламасын іске қосты. Бұл көлікті сатып алуды қолжетімді етеді. 

Forte-ның автонесиесі несімен тиімді?


1.    Ең төменгі мөлшерлемені ұсынады – жылына небәрі 4% (ЖТСМ 4,1%) Несие 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
2.    Жасырын комиссиялары жоқ – несиені артық шығынсыз рәсімдей аласыз. 
3.    Несие сомасына автокөлікті сақтандыру ақысы кірмейді. Клиент КАСКО сақтандыруын жасатып-жасатпайтынын өзі шешеді.
4.    Жылдам онлайн өтінім бересіз – несие берудің барлық процесі ForteApp қосымшасы арқылы іске асады, өтінімді тікелей автосалонға барып  беру керек. 
5.    Шарттары тиімді – жылына 4%  (ЖТСМ 4,1%) мөлшерлемемен автонесие алу үшін бастапқы жарнасы сатып алатын көліктің маркасы мен үлгісіне байланысты 20%-дан басталады. Бағдарлама аясында 18 брендтің көлігін алуға мүмкіндік бар. Оның қатарында Chery, Geely, JAC (20% бастапқы жарнадан бастап), сондай-ақ Genesis және Kaiyi (35% бастапқы жарнадан бастап), Hyundai, Kia, Changan және т.б (50% бастапқы жарнадан бастап) бар. 

Клиенттің бастапқы жарнасы 20%-дан аз болса, Forte төмендетілген пайыз мөлшерлемеcімен балама шарттар ұсына алады (Толық ақпаратты банктің серіктес автосалондарынан білуге болады).

Көлікті қалай несиеге сатып алуға болады?

Ең әуелі клиент өзіне ұнайтын көлігін автосалоннан таңдап алады да, кейін автонесиеге өтінім береді. Бұл үшін оған банкке барудың, көп құжат жинаудың қажеті жоқ. Кейін банк оның өтінімін онлайн режимде қарап, бірден шешімін шығарады. Банк клиентке несие беруді мақұлдаса, клиент арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында автокөлікті тіркеп, Forte қолданбасы арқылы несие құжаттарына қол қоюы керек. Барлық ресми шарттарды орындаған соң, клиент көлігінің кілтін алып, жолға шығып кете алады. 

“Артық төлемі аз”

Жақында Семей тұрғыны Айдос Forte-ның жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қолданып, қазір өзінің жаңа көлігін айдап жүр. 

“Алғашында осындай тиімді шартпен несие ала алатыныма күмәндандым. Бірақ мен ойлағаннан әлдеқайда жеңіл болып шықты. Ешқандай жасырын төлемдер жасатпайды, комиссия мен сақтандыруды міндеттемейді. Мен автосалонға барып, бірнеше көлікті қарап көрдім. Дегенмен асықпайын дедім. Мұқият ойланып, жақындарыммен ақылдасуды жөн көрдім. Менеджердің байланыс нөмірін алып алдым. Ертесі оған хабарласып, онлайн өтінім жібердік. Оған небәрі 5 минутымыз кетті. Жұмыста болған соң, банкке бірден бара алмадым. Сондықтан құжаттарды келесі күні алып кетіп, арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында көлікті тіркедім. Оған 15 минут кетті. Кейін бірден автосалонға барып, кілтімді алдым. Автонесиені 7 жылға рәсімдедім, артық төлемі көп емес. Инфляцияны ескеріп, несиенің шарты өте тиімді дер едім. Көптен бері көлігімді ауыстырғым келген еді. Сондықтан жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын қолданып үлгергеніме өте қуаныштымын", – дейді Айдос. 

Нарықты өзгертіп жатқан автонесие

2024 жылы Forte 20 000 автонесие рәсімдеп, мыңдаған отбасыға көлігін ауыстыруға мүмкіндік берді. Бұл бағдарлама жаңа көліктерді қолжетімді етіп қана қоймай, елдегі автопарктің жаңаруына ықпал етеді. Ал бұл жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттырады және атмосфераға зиян заттардың шығарылуын азайтады.


Қолжетімді көліктердің тізімін мына сілтемеден табуға болады. 

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 03.02.2020 ж. "ForteBank" АҚ-ға берген №1.2.29/197/36 лицензиясы 

Талқылау