"Жылдамдығы самолетпен бірдей": Меруерт Түсіпбаева жол ережесін бұзатындарға ренжіді
ҚР мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева жол ережесін бұзатындарға ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі жолдағы келеңсіз оқиғалар жол ережесіне бағынбайтындардың кесірінен болып жатыр деп ренжіді.
“Достар, кейде біз үкіметке ренжіп жатамыз. Айыппұлы көп, аяқ бассаң камера қойып қойған” деп. Сол дұрыс секілді. Бір жас жігіт Басенов көшесінің бойымен келе жатты. Машинасының жылдамдығы самолеттікімен бірдей. Оқыстан алдынан адам шығып қалса, езіп өтетін еді. Адамның санасы өзгермейінше, үкімет осылай бақылауды күшейту керек. Ренішіміз мүлдем орынсыз екенін түсініп отырмын. Алдымнан өткен көліктің жылдамдығынан шошынғанымды әлі баса алмай отырмын. Қашан мәдениеттілікті үйренеміз”, – деп ашуланды әнші.
- Алматы облысында жүргізуші полицейдің саусақтарын көліктің есігіне қысып, сүйреп кеткен (видео)
-
Елімізде жол ережесін жиі бұзатындар енді сақтандыру үшін көбірек төлемек
Айта кетейік, 1 қарашадан бастап, жол ережесін жиі бұзған жүргізушілер үшін көлікті сақтандыру қымбаттайтынын жазған едік.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру заңнамасына абайсыз жүргізушілерді сақтандыру ережелерін қатайтуды қамтитын түзетулердің үлкен пакетін әзірледі. "Ашық НҚА" порталында жүргізушілерге қатысты жаңа ережелер жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 4 қарашаға дейін болады. Заң жобасының негізгі нормалары – автосақтандыру туралы.
Жобаға зер салсақ, жол ережесін бұзғандарға сақтандыру ақшасын көбірек төлеуге тура келеді. Сөйтіп сақтандыру ақшасы азаяды.
Жылдамдықты асыру, қарсы жолға шығу, қызыл жарықта өту, авариялық жағдай жасау, ақаулы автокөлікті басқару – бұлардың бәрі жүргізушілердің сақтандыру ақшасын төмендетуге негіз болады. Егер жүргізуші 3 немесе одан көп бұзушылық жасаса, оның сақтандыру класы қалыпты деңгейден бір деңгейге төмендетіледі.