"Жылаудан шаршадым": Сотта марқұм Яна Легкодимова мен күдіктінің хабарламалары оқылды
Фото: instagram.com/nemolchikz_official
Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өлімі бойынша сот жалғасуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот отырысында қаза болған қыз бен айыпталушылардың бірінің арасындағы хабарламалар оқылды. Хабарламалар қыркүйектің соңында, қыздың қаза болуына бір айдан аз уақыт қалғанда жазылған.
Басылымның мәліметінше, хабарламаларды оқу бірнеше сағатқа созылған.
- “Маған сен қажетсің. Қандай болсаң да, сені қабылдаймын, құрметтеймін. Жұмыстан кейін мені күтіп аласың ба?”, – деп жазды Яна.
- “Неге?”, – деп жауап береді күдікті.
- “Ауа райы жақсы. Шынымен серуендегің келмей ме?”
- “Қазір – жоқ”.
Марқұм байланыс орнатуға тырысса да, ер адам алыстай берген.
“Менің жүйкемді тоздырудың қажеті жоқ. Мен бәрін айтып беремін. Менімен келісімге келе алмайсың. Маған суықтық көрсетпе. Сен мені елемейсің. Мен жылаудан шаршадым. Мен жалғыз өзім жыламаймын!”, – деп жазады қыз.
“Мені қорқытқаннан, саған жеңіл болмайды. Сен басқа адамға ауыр соққы бересің. Менің жүрегім жоқ”, – дейді айыпталушы.
“Тек кейде ләззат алу үшін кездесуге болады. Бұл махаббат емес – бұл қазір қорқынышты нәрсе”, – деп жазған ер адам.
Қыз берілмей:
“Мен сенің өміріңе енуге тырыстым. Егер бәрі қалай болатынын білсем де, мен оны қайта бастан өткерер едім”, – деп жазады.
Біртіндеп олардың әңгімелері қоштасуға бағытталған сөздерге айналды:
“Мен жай ғана қоңырау шалдым, неге ашуландың? Бұрын да істерің көп болатын, бірақ маған уақыт табатын едің ғой. Өтінішім: бәрін аяқта, мені жібер. Қайта оралуға мүмкіндік болмасын деймін”, “Кел, құшақтасайық та қоштасайық”, – деп жазады қыз.
“Мен өзімді саған бере алмаймын. Сен маған шарт қоясың, қорқытасың. Қорқытумен мені ұстап тұра алмайсың. Мен сенен құтылу үшін осылай күресем деп ешқашан ойламаппын. Мен кеткім келеді, мен ақымақпын. Бірақ менің отбасым мен басқа адамға тиісуші болма”, – деп жауап берген айыпталушы.
Бұған дейін сот марқұм Легкодимова айыпталушының басқа қызбен сөйлесіп жүргенін білгенін, бұл олардың қарым-қатынасындағы шешуші сәт болғанын мәлімдеген. Айыпталушы қыздың атын естімеу үшін оны “басқа адам” деп атауды талап еткен.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында былтыр күзде жоғалып кеткен Яна Легкодимованың денесі табылғаны туралы жазған едік.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
