"Жылап алдым": Әнші Алтынай Жорабаева қызының тойына дайындалып жатыр

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның шаңырғандағы дүбірлі тойдан кейін әнші Алтынай Жорабаева да қуанышты жаңалыққа орай дастарқан жаюға дайындалып жатыр. Жақында әншінің екінші қызы тұрмысқа шықпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші тележүргізуші Анна Данченкоға қызының күйеуге шығуына қатысты сұрақтарға жауап берді. Өнер иесінің айтуынша, қызына сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасап үлгерген. Дегенмен, екі жақтың ата-анасы әлі ресми түрде танысып үлгермеген көрінеді.
“Жігіт қызға ұсыныс жасады. Болашақ құда-құдағимен әзірге жүздескен жоқпыз, бірақ олар арнайы келіп, танысуды жоспарлап отыр екен. Күтеміз”, – деді әнші.
Өнер иесінің жақында ұядан ұшатын екінші қызы – Айнара. Алтынай Жорабаева бұл жаңалықты естігенде үлкен қызы үшін аздап алаңдағанын жасырмады. Оның сөзінше, екі қыздың жас айырмашылығы екі жыл.
“Айнара әпкесімен сөйлесіпті. Сонда тұңғыш қызым “Мен саған тек бақыт тілеймін, шын жүректен қуаныштымын. Алла қаласа, менің де маңдайыма жазылған жан кездессе, соны да көрерміз” депті. Осы сөздерді естігенде толқып, жылап алдым", – деп бөлісті ол.
Әнші болашақта әже атану тақырыбын да назардан тыс қалдырмады.
“Негізі қыздарыма алдымен білім алып, өз жолдарын тауып, аяққа тұрғаннан кейін ғана тұрмыс құрғандары дұрыс деп айтып келдім. Бірақ бәрі – тағдырдың жазуы. Енді қуанышпен қабылдаймыз, бақыт тілейміз. Ең бастысы – екеуі бір-бірін түсініп, тату-тәтті отбасы құра алса, біз үшін сол үлкен бақыт. Егер жас әже атанатын күн туып жатса, бақыттымыз, сол күнге жете берейік”, – деді әнші.
"Салбыраған терімді тартып тастаймын": Алтынай Жорабаева 37 келі салмақ тастағанын айтты
"Ұл-қыз өсіріп отырсыңдар": Алтынай Жорабаева біреудің өмірін талқылайтындарға ескерту жасады
Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шықпақ екені хабарланған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді