"Жылағанына қарамаған": Қазақстандық әйел өз баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрып-соққан (видео)
Фото: Видеодан скрин
Желіде әйелдің баланы жылу батареясына байлап, бар күшімен ұрып-соққаны түсірілген видео тарады. Мәліметке сәйкес, аталған жағдай Жетсу облысы, Жаркент қаласында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағдайды Instagram парақшасында журналист Жанар Нұртазина жариялады. Кадрдан әйелдің баланы жылу батареясына байлап, ұрып-соққанын көруге болады.
“Баланы батареяға байлап, бар күшімен соққылайтындай не көрінді сонша? Видеоны жылап жатқан баланың әкесі видеоға түсіріп жіберді. Ал соққылап жатқан сол бүлдіршіннің анасы. Баланы асырауға психикаларың шыдамай ма, тумаңдаршы айналайындар! Ересек екі ақымақтың кесірінен, неге сәби зардап шегуі керек?! Қазір қажет органдарға видеоны жіберіп қойдым. Енді ессіз ата-анаға тек ескертумен шектелмей, қажет шара қолданылса екен”, – деп жазған желі қолданушысы.
Фото: Видеодан скрин
Сондай-ақ ол Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваға жүгінген.
“Динара Закиева ханым бұл отбасын тексеріп, балалардың жағдайын бақылауға алсаңыздар. Қажет болса қосымша ақпараттар бар”, – дейді әйел.
Аталған жағдай туралы полициядан мән-жайды сұрадық. Алайда әлі жауап ала алмадық.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты