Қазақстандықты Maxi чайдың ішінен шыққан жиіркенішті, қоймалжың зат шошытты (видео)
Фото: Желі кадрларынан
Желіде Maxi чайдың ішінен біртүрлі, қоймалжың зат табылғаны туралы видео тарады. Видео авторы шайды үш жасар қызына алып берген. Кейін бөгде затты ол сусынның жартысын ішкеннен кейін бір-ақ байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тhreads қолданушысының айтуынша, Maxi чайды қызы үшін жиі сатып алады екен.
“Жуырда шабдалы дәмі бар түрін сатып алған едік. Қызымыз жартысына жуығын ішіп қойған. Сол кезде бөтелкенің ішінде өте көп мөлшерде біртүрлі, жиіркенішті қоймалжың зат бар екенін байқадық. Алғашында шабдаланың бөлшектері шығар деп ойладық. Бірақ мұндай көлемде сусында жүруі мүмкін емес”, – деп жазды ол.
Желі жұртшылығы бұл жазбаны қызу талқылады.
“Егер қызыңыз жартысын ішіп қойса, мүмкін сусынға бөгде затты сол түсірген шығар. Кішкентай балалардың қалай ішетінін көргенмін. Олардан кейін сол бөтелкеден ішкің келмей қалады”, “Maxi чайының дәл осы түрін алғымыз келіп барлық дүкенді араладық. Алайда дәл осы түрі дүкен сөрелерінен жоғалып кеткен”, “Мен де дәл сондай қоймалжың затты Lipton шайының ішінде көргенмін. Дүкен кассасынан ұзай қоймай байқадым да, күмәнданып, сатып алмадым. Бұл шынымен де бар жағдай екен”, – деді жұртшылық.
-
"Дұрыс бөлшектемей, шикі күйінде жеу өте қауіпті": Ақбөкен етін тұтыну қаншалықты қауіпсіз
-
Қазақстандық маусымдық қарбызда нитрат бар-жоғын тексеріп көрді: Нәтиже таңғалдырды
Stan.kz тілшісі Maxi чайын өндірушілерден осы жағдайға қатысты пікір сұрады. Әзірге ресми жауапты күтеміз.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
