"Жігіттер бөксемді сипалап кетті": Сабина Мовлаева футбол көремін деп келеңсіз жағдайға тап болған
Фото: https://www.instagram.com/sss.sabina/
Атышулы блогер Сабина Мовлаева “Қайрат – Реал” матчын көруге барып, харассментке ұшырағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы матчқа құрбысымен барған.
“Ұят та болса айтайын. Футболда барлық нәрсе ұнады. Тек бір нәрсе ұнаған жоқ. Қаншама адам, қаншама ерекектер. Матчтарға ылғи ініммен баратынмын. Бірақ бұл жолы құрбыммен бардым. Содан кейін бір қолдар пайда болды. Ашығын айтатын болсам, біреулер бөксемді сипалап кетіп жатты. Мен барлығы сияқты киініп бардым, тырысып тұрған киімде болған жоқпын”, – деді блогер.
-
"Қайрат" пен "Реал" ойындағы негізгі спорттық құрамдарын жариялады
-
"Реал Мадридтің" жұлдыз ойыншысы Мбаппе Алматыда ерекше жанкүйерімен кездесті
Сөзінше, өзіне ғана емес бейтаныс жігіттер құрбысына да қол жүгірткен көрінеді.
“Артыма қарасам жігіттер. Құрбыма ақырындап айтсам, оған да солай жасаған екен. Біз қазақтар қорғай ма деп шетелдіктерден қорқып жүрсек, олардың ісі – анау. Сонда бізді кім қорғайды?! Мен барынша жылдам шығып кетуге тырыстым", – дейді Сабина Мовлаева.
Айта кетейік, "Қайрат" чемпиондар лигасында "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

"443 мың теңге айыппұл”: Қазақстандықтар екі-үш жерде жұмыс істесе қандай жауапкершілікке тартылады
