Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігітше жариялаймын: "Алашұлы" тобының әншісі өнердегі тоқалы жайлы айтты

Алашұлы тобының белді әншісі Әзімбек Байлин өмірі мен шығармашылығы жайлы айтты. Одан өзге неліктен топтан бөлек ән шырқап жүргенін түсіндіре кетті. 

Жігітше жариялаймын:

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы уақытта "Алашұлы" тобынан бөлек жеке әнші ретінде өнер көрсетіп жүрген Әзімбек бұл әрекетін түсіндіріп берді. Айтуынша, топ рухты, патриотты әндерді айтуға негізделгендіктен, топпен мұңлы, махаббат жайлы не басқа сарындағы әндерді айта алмайды. Сондықтан оны жеке дара орындауға тура келеді.

"Топтан бөлініп кетейін деп жатқан жайым жоқ. Тек жүрек қалауымдағы әндерді жеке айтып жүрмін. Топ рухты әндерді айту үшін құрылған. Топ болып сезімге толы әндерді шырқай алмаймыз", - дейді ол. 

Әнші "Қатыным" атты әніне бейнебаян түсіру үшін астындағы көлігін сатқанын жасырмады. Көліктен түскен 3 млн 800 мың теңгені әннің бейнебаянына қосқан. Әзімбек бұл ретте көлігін сатуға қарсы шыққандардың да тілін алмағанын айтты. 

"Қатыным деп әйелдердің беделін түсіру үшін емес, керісінше көтеру үшін айттым. Себебі "қатын" сөзінің мағынасы солай. Бастапқыда жұрт сын айтатын шығар деп ойлайтынмын. Бірақ қазір көрермен сауатты. Менің ойымдағыны түсінген секілді", - дейді әнші.

Әзімбек Байлин ендігі кезекті өзі жайлы айтылған қауесетке жауап берді. Әншіге "Әзімбектің тоқалы бар, ол жақында босанады. Ол да өнер адамы" деген қаншалықты рас?" деген сауал қойылды. 

"Бұл әңгіме жалған. Кім шығарғанын білмеймін. Былатып әңгіме. Өнер адамдарының соңынан осындай сөз көп тарайды. Егер тоқал алатын болсам, басымды бұқпай, оны жігітше, еркекше елге жариялаймын. Ал қазіргі әңгімені жоққа шығарамын", - деді әнші. 

Ол онымен қатар "Әзімбек әйелінен қорқады деген қаншалықты рас?" деген қыңыр сұрақтардың да нүктесін қойды. 

"Мен әйелімнен қорқамын ба, қорықпаймын ба? Оны білгісі келетін адам үйге келіп көрсін. Әйелім екеуміздің қатынасымыз бен оның әрекетінін көрсін. Қалай киінетінін, жүріс-тұрысын көрсін", - деп қысқа қайырды. 

Әзімбек сонымен қатар әйелінің ұл туып бергенінен гөрі, лотореядан 1 млн доллар ұтып алғанын қалар едім деген ойын айтты. Мұны қазіргі қоғамның талабы деп түіндірді. 

Талқылау