Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жігітімнен көңілім қалды": 30 жастағы ару балалы болудан бас тартқан

30 жастағы ару балалы болудан бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жігітімнен көңілім қалды: 30 жастағы ару балалы болудан бас тартқан

Жасы отызға келген Ұлжан Аппаз бала көтеріп, ана болуды ойламақ түгілі, жігіттерге қызығушылығы жоқ екенін жеткізді. Мансап қуған ару, отбасылы болуға қарсы көрінеді. Ұлжан Аппазды жұрт сыртқы бейнесі ер адамға ұқсайды, ер адам сияқты өскен деп топшаласа, арудың өзі бұлай емес екенін айтады. 

"Өмірлік ұстанымым мансап жолымен жүру. Тұрмыста емеспін, тұрмыста болмағанмын. Қыз бала өскеннен кейін, ұнатып жүрген жігітімен тұрмыс құрып, ақ көйлек кигісі келеді. Бірақ менде ондай ой болған емес. Мен табиғатқа қарсы шығып жатқан жоқпын. Сыртқы келбетім ер адам сияқты болса да, ішкі дүнием әйел, қыз бала", - дейді Ұлжан Аппаз 

Мақсатын дүниемен, мүлікпен, мансаппен ұштастырып, өмірлік бағытын айқындап алған ол тыныштықты жақсы көремін дейді. Тіпті Ұлжан Аппаздың өзі секілді құрбылары да бар көрінеді. Ер адамға көзқарасы дұрыс болса да ару осындай шешімге келгенін жеткізді.

"Бір жолға бағытталған адам басқа мақсатқа қарамайды. Бұл пікіріме құрбыларымның көп бөлігі қарсы. Ал тура осы көзқарастағы үш құрбым бар. Ер адамдарға көзқарасым дұрыс. Өзіме ұнайтын адамды кездестірмегеннен кейін балалы болғым келмейді", - дейді Ұлжан Аппаз 

Мектеп бітіргеннен кейін-ақ балалы болғысы келмеген ол, кішкентай күнінен бастап інісін қарағанын жеткізді. Бала күнінде ана болып үлгерген ол жігіттер қызытырмайды деп отыр. 

"Балалы болғым келмейді деген пікір мектеп бітіргеннен кейін басталды. Кітапты жақсы көремін, тыныштық ұнайды. Жігіттермен танысу қызық емес. Қазіргі таңда жоспарымды ойдағыдай жүзеге асыру басты мақсатым. Үйге жинап жүрген ақшамды көбейтіп, ойдағы пәтерімді алғым келеді", - дейді Ұлжан Аппаз. 

 

Талқылау