Жыныстық жолмен індет жұқтырған жігіт мүшеқапқа сенбеуге шақырды
Айдын Төлешов жыныстық жолмен жұғатын індетке шалдыққан. Жасөспірімдік шақта әртүрлі адамдармен төсектес болып жүріп жұқтырып алған екен. Енді қабылдаған емінің пайдасы болмай қиналып жүр. Қалыңдығына бұл туралы айтпауды жөн көріпті.
Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.
Вирустық жолмен жұғатын аурулар соңғы кезде кеңінен таралып келеді. Әсіресе, генитальды ұшық. Мамандардың айтуынша, вирустық инфекциялар емделетін және емделмейтін болып екі топты құрайды. Ауру айтып келмейді десе де, ауырған адам тиісті ем-домын қабылдап отыруы шарт. Жұқпалы инфекция көбінесе әйелдерде кездеседі. Ал ер-азаматтар ауруды таратушылар қатарына жатады. Зардап шегетіндер – әйелдер мен жатырдағы бала. Сондай-ақ жұқпалы ауру тек жыныстық жолмен емес, босанғанда анадан балаға жұғуы мүмкін. Сол себепті, әрбір ата-ана өз ұрпағының саулығы үшін дерттің дер кезінде алдын алғаны абзал. 2016 жылы 8196 адам туберкулезді, 4543 адам цифилисті, 722 адам ішек вирусын жұқтырған. Сонымен қатар, соңғы бес жылда жасөспірімдер арасында жыныстық жолмен тарайтын инфекциялар саны күрт артып отыр.
«Жыныстық қатынас арқылы жеті түрлі ауру, бактерия, вирустар жұғатыны белгілі. Ең көп тарағаны – сегіз түрі. Олардың төртеуі емделмейді. Атап айтқанда, цифилис, гонорея, гломадиоз, трихоманияз. Ал келесі топтағы жұқпалы аурулар емделеді. Бұл дерттерге шалдыққан әйелдің балалары жатырда шетінейді. Сал болып туады немесе туған баланың салмағы өте аз болады», – дейді акушер-гинеколог Әсел Нұрғалиева.
Қазақстандық азамат Айдын Төлешов басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Ол жасөспірімдік шақта әртүрлі адамдармен жыныстық қатынаста болып, түрлі індет жұқтырып алған. Енді емнің пайдасы болмай қиналып жүр екен. Мұнымен қатар, ол бұл індеті туралы қалыңдығына айтпауды жөн көріп отыр. Дәрігерлер микоплазма, уреаплазма диагнозын қойған. Сонымен қатар, спермограмма мөлшері 22 пайызды көрсетіп тұр.
«Осыдан екі жыл бұрын жолдас балам жол апатына түсті. Сол кезде қан тапсырдым. Ертесінде қанымның құрамында инфекция бар екенін білдім. Қазір ары қарай тексеріліп жүрмін. Бірақ, емнің ешқандай нәтижесі болмай жатыр. Үйленгім келетін қызым бар. Жағдайымның ары қарай қалай болатынын білмей отырмын. Жасөспірімдік шағымда көптеген адаммен жыныстық қатынаста болдым. Әлі күнге дейін кімнен жұқтырғанымды білмеймін. Ал қызыммен төсектес болып көрмедім. Болашақта бұл инфекция әйеліме, балама жұғып кете ме деп қорқамын. Жамбасыма түрлі дәрілер салды. Бес күн ине салдырып, екі апта дәрі іштім. Жігіттерге ақыл-кеңесімді айтқым келіп отыр. Жастық шақта кез келген бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түсе бермеңіздер. Шыдамаған жағдайда міндетті түрде мүшеқап пайдаланыңыздар. Оның өзінде мүшеқапқа көп сенім артпаңыздар», – дейді Айдын мырза.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Жолдасынан ЖҚТБ жұқтырған келіншек сәбиінің аман-есен туылғанына қуанған
Күйеуі жұмыстан 5 минутқа кешіккені үшін сабаған әйел көрген қорлығы туралы айтты
19 жастағы бойжеткен: Күйеуіме түнде ғана керекпін
Келіншек 7 жылдан кейін күйеуінің басын қалай “айналдырып” алғанын айтып берді